- Advertisement -

«7-20-25» бағдарламасының талаптары және ипотекалық тұрғын үй қарызын алу туралы

82

- Advertisement -

«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бес әлеуметтік бастама аясында берілген ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2018 жылы ашылды. «Әрбір отбасы
үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» бастамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Ұлттық банкі «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасын бекітті және «Баспана» арнайы ұйымын құрды. Бұл бағдарлама әрбір қазақстандық үшін қолжетімді несие беру шарттарымен тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады.

2018 жылдың екінші жартысынан бастап беріле бастаған «7-20- 75» ипотекалық бағдарламасы кредит бойынша төмен 7 пайыздық мөлшерлемемен (ЖТСМ-7,2) ерекшеленеді. Бастапқы жарнаның мөлшері тұрғын үй құнының 20% және одан жоғары мөлшерінде белгіленеді, сонымен қатар қарыз тек теңгемен беріледі.

«7-20-25» бағдарламасы аясында несие алғысы келетін азаматтар «Қазақстандық тұрақтылық қоры» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісімі бар 8 Cеріктес-Банкке жүгіне алады, олар:
1) «Банк ЦентрКредит» АҚ,

2) «Жинақ банкі» АҚ,

3) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ,

4) «Еуразиялық банк» АҚ,

5) «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ,

6) «Forte Bank» АҚ,

7) «Altyn Bank» АҚ,

8) «Ваnк RBK» АҚ.

Бағдарлама бойынша қарыз алу үшін жеке тұлға мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

•Қазақстан Республикасының азаматтығы;
•Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйдің болмауы;
•Еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түскен расталған табыстың болуы;
•Ипотекалық қарызының болмауы;
Тұрғын үйді кез келген құрылыс салушыдан сатып алуға болады. Құрылыс жылы, тұрғын үй түрі бойынша шектеулер жоқ. Ең бастысы, нысан жаңа және пайдалануға берілген алғашқы тұрғын үй болуы керек.

Ипотекалық тұрғын үй қарызын алу мынадай 5 кезеңнен тұрады:

1) клиент тұрғын үйді табады және Банкке өтініш білдіреді;
2) банк Қарыз алушыны тексереді және қарыз беруді мақұлдайды;
3) клиент ССШ (сатып алу – сату шартын) жасайды және құрылыс салушыға бастапқы жарнаны енгізеді;
4) банк қарыз береді және оны құрылыс салушыға аударады;
5) клиент жаңа тұрғын үйге
қоныстанады.

Тұрғын үйдің максималды құны: 25 млн. теңге – Нұр-Сұлтан,
Алматы (қала маңы аймақтарын қоса алғанда), Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін;
20 млн. теңге – Қарағанды, Түркістан қалалары үшін;
15 млн. теңге – басқа өңірлер үшін.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 2022 жылғы 11 тамыздағы жағдай бойынша 641 млрд. теңге сомасына 49 686 қарыз берілді.
Ресми деректер бойынша, ипотекалық қарыздардың ең көп саны Нұр-Сұлтанда – 260,9 млрд. теңгеге 17 223 кредит берілген. Бүгінгі таңда Алматы қаласында 148,8 млрд. теңге сомасына 10 197 кредит, Шымкент қаласында 40,4 млрд. теңге сомасына 3 364 кредит рәсімделді. Жамбыл облысы бойынша 5,1 млрд. теңгеге 699 несие рәсімделді.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша несиелендіру 1 триллион теңге лимиті таусылғанға дейін бүгінгі күнге дейін жалғасуда.

Бағдарлама бойынша толық ақпаратты
«Қазақстандық тұрақтылық қоры» АҚ-ның ресми интернет- ресурсынан алуға болады https://
www.baspana72025.kz Мария Бабаченко Қр Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының бас маман-экономисі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support