- Advertisement -

SMART CITY: Қауіпсіз қала

234

- Advertisement -

Елімізде «Smart City» технологиясын енгізуді Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында қолға
алу шарасы бірнеше жыл бұрын басталған болатын. Бүгінде бұл қалаларда ауқымды жобалар қолға алынып, «ақылды қала» атану үшін алға қадам басып келеді.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Smart City» тұжырымдамасының әлемдік трендтерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының «ақылды қалаларын» салу жөніндегі қолданыстағы эталондық стандарттарын әзірлеген болатын.
Өңірлерде енгізілетін цифрлық жобаларды біріздендіру мақсатында облыста 12 сала бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Smart City» жобасы аясында облыстағы білім беру саласының қауіпсіздігін бақылау мақсатында «Ата-ана бақылауы» пилоттық жобасы іске қосылды. Жоба аясында мектептерде орналастырылған турникеттер арқылы тұлғаның биометриялық (FaceID) параметрлерін пайдалану мүмкіндігі пайда болды.

Қоғамдық көлікте қолданылатын «tulparcard» картасының көмегімен сіз мектеп асханаларына да төлем жасай аласыз.
«Ата-ана бақылауы» мобильді қосымшасы әзірленіп, бұл ата-аналарға баланың автобустан шыққаны, мектепке барғаны, асханада, тамақ мәзірінде ақы төлегені және үйге оралғаны туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді. Мектептерде орнатылған сандық камералар, дабыл түймелері полиция департаментінің ЖБО-мен біріктірілген.
Пилоттық жоба Тараз қаласының 10 мектебінде енгізілді. Соңғы деректер бойынша
қосымшада 6246 ата-ана және 4310 бала тіркелген.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2021 жылы Тараз қаласының 60 мектебінде полиция департаментінің жедел басқару орталығына шығарылған 600 бейнебақылау камерасы орнатылды. Бүгінгі күнге облыстағы 444 мектептің 50-і мамандандырылған күзет қызметімен қамтамасыз етілген.

2022 жылы 1 мамыры күні облыс бойынша 444 мектептің 135-іне дабыл түймесі орнатылып, облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығына немесе тиісті аудандық полиция бөлімдерінің кезекші бөлімшелеріне қосылды. Облыс бойынша 68 мектепте турникет бар.

Бейнебақылау камералары орнатылған 444 мектепте 9053 дана бейнебақылау камералары бар (оның 2996-сы цифрлық, 6057-сі аналогтық; 3250-і ғимараттың сыртында, 5803-і ғимараттың ішінде орналасқан).

Қаладағы тәртіпті қадағалауда бейнебақылау құралдарының көмегі мол. Ол бүгінде өз жемісін беруде. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында бейнебақылау камераларының санын ұлғайту мақсатында 36384 бейнебақылау камерасы, оның ішінде Тараз қаласында – 16 551 камера орнатылды.

Тараз қаласында «Сергек» жобасын іске асыру бойыншада біршама жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Сергек» ең алдымен қоғамдық қауіпсіздікке жауап береді.

Осы жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты шеңберінде «Тараз қаласындағы қауіпсіздікті және жол қозғалысы трафигін талдаудың зияткерлік жүйесін енгізу» жобасы бойынша 1250 бейнебақылау камерасы және «Сергек» жол қауіпсіздігін бұзу қағидаларын тіркейтін 48 аппараттық кешен орнатылады. Жұмыстарды «IP Технологиялар» ЖШС жүргізеді.
Тараз қаласы бойынша қоғамдық орындарда, жолдардың желілік учаскелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 210 бейнекамера орнатылған.

Аудан әкімдіктері жіберген мәліметтерге сәйкес, аудандар мен ауылдық елді мекендер бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласын цифрландыру нәтижелері бойынша барлығы 1200 бейнекамера орнатылған, оның ішінде 874-і аудандық бөлімдер мен ауылдық учаскелік полиция пункттеріне шығарылды. Биыл әкімдіктер жүйені 143 бейнекамераға кеңейтуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар «Smart City» жобасы коммуналдық қызметтерді кешенді есепке алу жүйесін автоматтандыру, экологиялық мониторинг жүргізу, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар объектілер мен мемлекеттік мекемелерді бейнебақылау жүйесімен қамту жөніндегі көптеген ауқымды жұмыстар жүргізуде.
Облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Smart City» жобасы аясында қала бойынша SOS дабыл түймелері арнайы құрылғылары орнатылған.

Аталған құрылғы заңсыз әрекеттер немесе төтенше жағдайлар туындаған жағдайда полициямен байланысуға болатын арнайы жабдық. Сондай-ақ Сіз қалада адасып қалған жағдайда көмек алу үшін қызметкерлерге «SOS» дабыл түймесін басу арқылы жүгінуіңізге болады. Азаматтардың сауалдары жедел әрекет ету орталығына келіп түседі, содан кейін полиция қызметкерлері оларды пысықтайды. Бүгінгі таңда қала бойынша мұндай 10 дабыл түймесі орнатылған.

«Aq jol»-«Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support