- Advertisement -

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) тізіліміне енгізу үшін өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру

71

- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) тізіліміне енгізу үшін өтінімдер қабылдауды жариялайды.

  1. Өтінімдерді қабылдау басқарманың интернет- ресурсында жарияланған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы No733 қаулысымен бекітілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға оны тізілімге енгізу мақсатында арнайы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:

1. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2. Қағидалардың 6-9-тармақтарында көрсетілген құжаттар, оған сәйкес жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға оны тізілімге енгізу үшін өтініш жасайтын санатқа қарай;
3. Өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхаты (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін құжаттар 2022 жылғы 1 қыркүйектен 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейін жұмыс күндері Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, No78, 2-қабат, 220, 231 кабинеті бойынша қабылданады немесе байланыс телефондары арқылы білуге болады: 54-36-20, 45-10-17.

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің
тізіліміне енгізу үшін 2022 жылғы
1 қыркүйектен 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейін өтінімдер қабылданады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support