- Advertisement -

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды

229

- Advertisement -

ҚР Президенті Қ.Тоқаев өз сөзінде: «Қоғамның басты талабының бірі – әділдік пен заң үстемдігін орнату. Бұл жолдағы ең үлкен кедергі сыбайлас жемқорлық екені сөзсіз. Біз осы қоғамдық кеселді қалайда жеңуіміз керек. Бұған қатысты менің ұстанымым өзгермейді» — деп атап өткен болатын. 

Меморандумды қабылдаудағы басты мақсат – Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізу, осы жұмысты мемлекеттік органдармен қатар, қоғам өкілдерінің де қатысуын қамтамасыз ету.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының ТӨРТІНШІ міндеті: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту» бағыты бойынша құрметті мемлекеттік қызметшілер мен жастар ұйымдары көшбасшыларының қатарынан спикерлер пулы құрылды. Облыстық қоғамдық кеңестің жанында азаматтық бақылауды жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрылды, басқа да шаралар іске асуда.

Осы орайда, Жамбыл облысында билік пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара ықпалдастық танытып ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет  қалыптастыруға және жемқорлық көріністеріне «нөлдік» төзімділік таныту мақсатында Меморандумға қол қойылды.

Меморандумға қол қойған тараптар:

—         «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының директоры Қ.Төлендиев;

—         ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Жылқыбаев;

—         Жамбыл облысы бойынша ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқарма басшысының м.а. Г.Дүйсембекова;

—         Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы М.Мәтен;

—         Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы М.Әбдіраймов;

—         «Аманат» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Қ.Жетібаев;

—         «Әділет жолы» РҚБ Жамбыл облысы бойынша филиалының жетекшісі Н.Жувандикова.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support