- Advertisement -

Қазақстанда Балалар жылында 19 түзету және 7 оңалту орталығы ашылады

109

- Advertisement -

Қазақстанда Балалар жылында 6 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК), 19 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК) және 7 оңалту орталығы ашылады. Олар балаларға әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзету арқылы қолдау көрсетуге қажеттілік бар өңірлерде құрылады.

Бүгінгі күні елімізде 88 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 211 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 14 оңалту орталығы және 213 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді.

«ПМПК, түзету кабинеттерінің саны жыл сайын артып келеді. Оқу-ағарту министрлігі бұл жұмысты бақылауда ұстап отыр. Былтыр Қарағанды, Ақтау қалаларында, Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында, Алматы облысының ауылдарында және Қапшағай қаласында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар ашылды. Министрлік 2025 жылға дейін ПМПК желісін 50 000 балаға 1 ПМПК есебінен 125-ке дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. Түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарының саны да артып келеді. 2021 жылы 13 түзету кабинеті ашылды. Осылайша, балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау айтарлықтай кеңейіп келеді, бұл балалар мүгедектігінің алдын алуға және азайтуға ықпал етеді», — деп түсіндірді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әйгерім Күдеринова.

 

Сонымен қатар елімізде арнайы білім беру ұйымдарының саны да айтарлықтай өсті. Балалар жылында Тараз, Орал және Қарағанды ​​қалаларында аутизмі бар балаларға арналған 3 қолдау орталығы ашылды. Ерекше балалармен тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Оңалту және психологиялық-педагогикалық түзету қызметтері мемлекеттік қызмет болып есептеледі және ол тегін көрсетіледі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support