- Advertisement -

Ізгілік пен мейірімділіктің мерекесі

120

- Advertisement -

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды күллі мұсылмандар үшін қасиетті болған – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт – татулықты тірек еткен тәуелсіз еліміздің халықтық мерекесіне айналды. Қазақстан халқының ұлттық бірегейлігін, игі құндылықтарын, сан ғасырлық мәдени және тарихи мұраларын сақтап, одан әрі дамыта түсуге септігін тигізеді. Ізгілік пен мейірімділіктің нышаны болған осынау айтулы мереке адамдарды қайырымдылық пен жанашырлыққа үндейді.

Осынау айтулы күндерде жүрегіне иман ұялаған әрбір адам жақсы істер жасауға, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады. Баршаңызды бүгінгі қасиетті мейраммен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт,
тыныштық пен амандық тілеймін! Шалған құрбандықтарыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Құрбан айт мүбәрак болсын!

Нұржан НҰРЖІГІТОВ,
облыс әкімі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support