- Advertisement -

БАЯНДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖАСТАРҒА БЕРЕРІ МОЛ

32

- Advertisement -

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осы күнге дейін де талай ірі жобалар қолға алынып, оң нәтиже бергені көпке белгілі. Баянды бағдарламаның әр бағыты бойынша жоспарлы жұмыстар әлі де үйлесімді іске асуда.

Өздеріңіз білетіндей, бағдарлама мәдениет пен өнер саласының өркендеуіне тың серпін берді. Тарих қайта түлеп, сан-салада түрлі ғылыми-зерттеулер жүргізілді. Тау тұлғалардың өмірбаяны, еңбек жолы жазылып, деректі материалдар көпшілік назарына ұсынылды. Ұлан-ғайыр атырапқа аты мәшһүр болған бабаларымызға арналған ескерткіштер бой көтеріп, кейінгі жастарға үлгі боларлық өнегелі іс-шаралар ұйымдастырылды. Туған жерге ту тіккен дарабоздардың есімі ұлықталды. Жасөспірімдер туған өлкесінің тарихын, сай-саласы мен табиғи байлықтары туралы толығырақ мағлұмат алды. Осылайша олар елге, туған жерге деген сүйіспеншіліктің қандай болатынын түйсініп, рухани азық жиды. Шын мәнсінде, бағдарламаның да басты бағыттарының бірі ұрпақтар сабақтастығын жалғауға серпін беру емес пе? Өйткені өткенді саралап, болашақты бағдарлау ұлы даланың бүгінгі перзенттерінің міндеті деп білеміз. Жобаға тереңірек үңілсек, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы үш бағыттан тұрады. Біріншісі, рухани жаңғыру құндылықтары және мемлекеттік тілді дамыту болса, еншісі, ел рухы. Нақтырақ айтсақ, мәдениет саласындағы жұмыстар. Сонымен қатар үшінші бағыт «Тәуелсіздік ұрпақтары» деп аталады. Ойланып қарасақ, бес жылдың шеңберінде талай бастамаларға себепші болған бағдарлама жастарға, яғни, келер ұрпақтың игілігіне арналғандай. Демек өткеннің өнегесі мен көнеден жеткен тарихын, яки, салт-дәстүрлеріміздің түп-төркінін жастарға ұғындыру да бағдарламаның басты мақсаттарының бірі деуге толық негіз бар. Осы ретте облыстық әкімдіктердің жанындағы ономастика комиссиялары да қыруар жұмыс атқарғанын естен шығармауымыз қажет. Комиссия мүшелерінің ықпалымен, талай көшелер мен елді мекендердің атауы қазақшаланды. Бұл да оңай шаруа емес, түсінгенге. Әрине, жемісті бағдарлама әлі де жалғасатынын ескерсек, алда халықтың рухани әлеуетін байытып, тарихымызды түлетуге сеп болатын шаруалар қолға алынатынына бек сенімдіміз.

Эльмира ТІЛЕУБЕКОВА,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті,

«Әлем тілдері» кафедрасының аға оқытушысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support