- Advertisement -

Ынтымақ пен бірлік –бақытты болашақ

75

- Advertisement -

Ежелден қазақ елі татулықты, бірлікті ұстанған ел. Қазақ елі өте қонақжай халықтың бірі. Қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүріп жатыр. Әрбір адам үшін ең асыл қазына – Отанын, туған елін сүю.

Осы тұста бүгінгі таңда Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – ұйымдық құрылым ғана емес, ол біздің өміріміздің ажырамас бөлігі, тыныштығымыз бен бірлігіміздің белгісі болып отыр.

Ұлт пен ұлыстың татулығының арқасында, бүгінде, мемлекетіміз өркендеп, мұның барлығы ілгері дамып келе жатыр. Бір шаңырақ астында ұлттың ұйытқысына себеп болып отырған, саясатымыз бен Ата Заңымыздың арқасында атқарылып жатқан шаралардың нәтижесі екендігі белгілі.

Міне, бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Тәуелсіздік тұғырын әрқашан биік ұстайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бірлігіміз одан әрі жарассын! Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі – біздің еліміздің ең басты байлығы.

Айнұр АҚБОЛТАЕВА,

облыстық «Тілдерді оқыту орталығының»

аудандық бөлімшесінің оқытушысы.

Сарысу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support