- Advertisement -

Саяси науқанның маңызы зор

33

- Advertisement -

Конституцияға сәйкес, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Халық мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және оны тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады.

Конституцияға түбегейлі өзгерістер енгізілгендіктен, елге ортақ мәселе жалпыхалықтық референдумда қаралмақ.

Бүгінде референдумның мән-маңызын аудан жұртшылығына кеңінен түсіндіру, насихаттау жұмыстары қызу жүргізілуде. Ауданға қарасты әрбір ауыл, елді мекеннің қамтылуы, азаматтардың 100 пайыз құлағдар болуы біз үшін аса маңызды. Өйткені Конституцияға енгізілетін әрбір өзгеріс, ел азаматтарының өміріне тікелей әсер етеді.

Облысқа жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаттары Гүлдара Нұрымова, Назиля Раззақ және Мейрамбек Төлепберген ауданымызда болып, Аса, Айша бибі, Жалпақтөбе, Гродеково ауылдарындағы жергілікті жұртшылықпен, зиялы қауым өкілдерімен, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен, ұстаздар қауымымен, жастармен кездесу өткізген болатын. Олар да кездесулер барысында осы референдумды насихаттауды басты назарда ұстады.

Кездесулер барысында алдағы референдум жайында кеңінен сөз қозғап, мән-жайды тарқата түсіндірді. Мемлекет басшысы ұсынған жаңа конституциялық модель нақты саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді, бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне тоқталды. Ел-жұртты маңызды саяси науқанға белсене қатысуға үндеді.

Сонымен қатар мәжілісмендер жиналған көпшіліктің сөзіне құлақ асып, өтініш-тілегін тыңдады. Жұртшылықтың мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік жәрдемақыны соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға қолжетімді ету, зейнет жасын төмендету, сайлауды электронды түрде өткізу, ұлттық идеологияны, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, тәлім-тәрбие мәселесі бойынша айтқан ой-пікірлерін назарға алды.

Олжас БАҚҚАРАЕВ,
аудан әкімінің орынбасары.
Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support