- Advertisement -

Сайлау учаскелерінде қызу дайындық

25

- Advertisement -

Еліміз үшін аса маңызды шара – жалпыхалықтық референдумды халық арасында түсіндіру мен оған дайындық жұмыстары бүгінде барлық мемлекеттік органдар үшін жауапты міндеттердің қатарында. Әсіресе білім мекемелері бұл істе алдыңғы шепте әзірлік жұмыстарын жүргізеді. Өйткені барлығыңызға мәлім, сайлау учаскелерінің барлығы дерлік білім ошақтарында орналастырылған.

Тараз қаласы бойынша 125 сай лау учаскесі бар. Оның 18-і жабық сайлау учаскесі. Бүгінде сол нүктелердің барлығында қызу жұмыстар жүргізіліп, тірлік тиянақталып жатыр.

Тараз қаласы әкімдігімен бекітілген жауапты мамандар сайлау учаскелеріндегі дай ындық жұмыстарын бақылап, онда референдумға қатысушы азаматтарға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолай лы жағдай барысын зерделеді. Мектептерде пандустардың болуы, дауыс беру алаңшаларына арнайы арбамен кіріп-шығу мүмкіндігі, көзі нашар көретін азаматтарға арнайы белгілердің болуы, учаскеге жол нұсқайтын тақтайшалардың ілінуі сынды көптеген мәселелер назардан тыс қалмады.
Бүгінде барлық учаскелер қажетті құралдармен жабдықталып, компьютерлер ғаламтор желісіне толықтай қосылды.

Раушан ҚОЖАМЖАРОВА,
Тараз қалалық білім
бөлімінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support