- Advertisement -

Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

65

- Advertisement -

Жетінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, он жетінші сессиясы 2022 жылдың 12 мамырында сағат 15.00-де (Zoom конференциясына қосылу сілтемесі https://us06web.zoom.us/j/88344307415?pwd=bEFRZlQ0S2QwTnlKMkNtN3dyZGM4Zz09, Идентификатор конференции 883 4430 7415, Код доступа: 123456) келесі күн тәртібімен Zoom платформасында онлайн режимде өтеді:

1. Жамбыл облысы әкімінің тұрғындармен кездесуінің 2022 жылға арналған икемді күнтізбелік кестесін келісу туралы.
2. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы.
3. «Жамбыл облыстық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы №22-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. «Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтар №31-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
5. Жамбыл облысында қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы.
6. «Жамбыл облысы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 5 наурыздағы №21-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
7 «Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы экспорт жөніндегі өңірлік кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 қазанындағы №39-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы (Zoom конференциясына қосылу сілтемесі https://us06web.zoom.us/j/84045893315?pwd=VnpUTHE1QWQ5WUNETmxYa1VuSWtJZz09, Идентификатор конференции 840 4589 3315, Код доступа: 123456) 2022 жылдың 11 мамыр күні сағат 15.00-де Zoom платформасында онлайн режимде өтеді.
* * *
Депутаттарды тіркеу 2022 жылдың 12 мамыр күні сағат 14:30-да басталады.
Облыстық мәслихаттың хатшысы М.САРЫБЕКОВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support