- Advertisement -

«Ақкербез» ансамблі мерейімізді асырды

181

- Advertisement -

Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның жанынан 2012 жылы құрылған «Ақкербез» би ансамблі жыл өткен сайын өздерінің жетістіктерімен қуантып келеді. Бұл ансамбль бүгінгі таңда алыс-жақын бірқатар шет мемлекеттерге кеңінен танымал болып үлгерді.

Анс амбльдің қоюшы ба летмейстері – Айжан Қонарбаева. Құрамы 20 бишіден тұратын бұл ансамбль VIII және IX жастар Дельфийлік ойындарының, І республикалық би байқауының лауре аты. Анс амбль репертуарында «Шаттық», «Аққу», «Аманат», «Жайлауда», «Ерке сылқым», «Хорезм», «Ұйғыр», «Түрік», «Әз-думан» және басқа бірнеше күрделі билер бар.

Жақында Өзбекстан Республикасы мәдениет министрлігі жанындағы «Халықаралық фестиваль дирекциясы» Хиуа қаласында «Лазги» атты халықаралық би фестивалін ұйымдастырды. Байқаудың жалпы жүлде қоры 40 мың АҚШ долларын құрады. Бұл байқауға ақкербездіктер үш қазақ биін және «Лазги» өзбек биін дайындап барды. Байқауға Еуропа, Оңтүстік Азия, Африка елдерінің бірнеше би ансамбльдері қатысып, өнер көрсетті.

Байқау қорытын дысы бойынша Гүлнұр Қасымбек «Аққу» биімен бірінші орынға ие болса, Айгүл Нұрымова «Лазги» биімен дипломант атанды. Гүлнұр Қасымбек осылайша 5 мың АҚШ долларының сертификатына ие болды. Бұл жеңістерге аталған ансамбль жетекшісі Айжан Қонарбаеваның қосқан үлесі зор.

– Осындай аса ауқымды байқаудан жүлдемен оралғанымызға қуаныштымыз. Бізді қолдаған облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжатт ама басқармасына, облыстық филармонияның директоры С ейітқасым Түктібаевқа биші қыздардың атынан үлкен алғыс білдіремін, — деді ансамбль жетекшісі А.Қонарбаева.

 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support