- Advertisement -

ДАРЫНДЫ ЖАСТАРҒА – ДАҢҒЫЛ ЖОЛ

36

- Advertisement -

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Жастар сарайында «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының жанындағы «Сәулетші» студенттік ғылыми үйірмесінің ұйымдастыруымен «Қазақстан сәулетінің бірегей ескерткіштері» атты шығармашылық жұмыстардың көрмесі өтті. Бұл шараға аталған оқу орнының «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының директоры К.Шилібек, «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының меңгерушісі К.Сұлтанаев, жұмыс берушілер Б.Сыздықов және Б.Тұрлыбаева, сондай-ақ студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.

Көрме барысында студенттер кең байтақ жеріміздің әртүрлі аймақтарында орналасқан бірегей жеке тұрғын үйлердің сәулеттік курстық жобаларын көпшілік назарына ұсынды. Сонымен қатар бұл күні көрме қонақтары өнер мен сәулеттің таңғажайып әлеміне алғашқы қадамдарын жасайтын студенттердің әртүрлі макеттерін көруге мүмкіндік алды. Мәселен, Э.Испанова жетекшілік ететін білімгерлердің «Балалар ойын алаңы», «Террасалық бақ», «Жеке тұрғын үй» тақырыптары бойынша макеттері көптің көңілінен шықты. Ал Ердәулет Наурызбаймен Жандос Ержанұлының классикалық ақ пен қара графикасында орындалған бірегей тұрғын үйлердің курстық жобаларының макеттері жұртшылықтың қызығушылығын оятты.

Айта кетейік, аталған оқу ордасында «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасы 17 жыл бұрын құрылған. Осы уақыт ішінде кафедрада мықты мамандарды біріктірген оқытушылар ұжымы қалыптасты. Өз кезегінде ұстаздар қауымы оқу үрдісін жетілдіру, жаңа технологияларды енгізу және материалдық-техникалық базаны үнемі жаңартып отыру міндеттерін сәтті орындап келеді.

М.НОҒАЙБЕКОВА,
М.Х. Дулати атындағы ТарӨУ «Сәулет және құрылыс
өндірісі» кафедрасының аға оқытушысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support