- Advertisement -

ӘРДАЙЫМ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТЫНЫШТЫҚ БОЛСЫН!

35

- Advertisement -

Құрметті соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Баршаңызды Жеңіс мерекесінің 77 жылдығымен құттықтаймыз!

Бұл мерекенің біздің еліміз үшін де маңызы зор. Қиын-қыстау кезеңде қазақстандықтар да батырлық пен жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсете білді. Миллиондаған ел азаматтарымен бірге Жамбыл облысынан 120 мыңдай адам ел қорғауға аттанды. Олардың көпшілігі туған жерден жырақта қаза тапты. Соғыстың зардабын тартпаған, салқынын сезінбеген отбасы жоқтың қасы.

Біз елін-жерін қорғауда аянбай, алғы шептен табылған батырларға мәңгілік тағзым етуге, қамқорлық білдіріп, құрмет көрсетуге тиіспіз.

Майдангерлердің, тыл еңбеккерлерінің ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Баршаңызға мықты денсаулық және бақ-береке тілейміз!

Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тыныштық болсын!

Нұржан НҰРЖІГІТОВ, облыс әкімі.
Махметғали САРЫБЕКОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support