- Advertisement -

Тәжік-ауған шекарасында атыс болды

34

- Advertisement -

8 мамыр күні Тәжікстанның құқық қорғау органдары «Талибан» содырлары (Қазақстанда тыйым салынған. — Ескерту) сенбі күні Ауғанстанның Тахор провинциясы аумағынан Тәжікстанға қарай жеті зымыран атқылағанын хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, төрт снаряд Пяндж өзеніне, тағы үшеуі жақын маңдағы орман белдеуіне құлаған.

«Тәжікстан аумағындағы атыс кезінде ешкім зардап шеккен жоқ», — делінген хабарламада.

Мәлімет бойынша, 7 мамыр сағат 11.45-те Ауғанстанның Тахор провинциясының Ходжагор учаскесінде Талибан мен ДАИШ содырлары (Ислам мемлекеті-Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) арасында бір жарым сағатқа созылған қақтығыс болған.

«Бұл учаскелер Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына жақын орналасқан және жоғарыда аталған оқтар біздің еліміздің аумағына кездейсоқ түскен. Адам өлімі мен материалдық залал тіркелген жоқ», — деп түсіндірді ведомство. Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара әскерлерінің бөлімшелері толық жауынгерлік әзірлікке дайын екенін айтты.

«Тәжікстанның құқық қорғау органдары мемлекеттік шекараны сенімді қорғау үшін барлық мүмкіндіктер мен әлеуетке ие. Тәжік-ауған мемлекеттік шекарасындағы жағдай тұрақты және тәжік шекарашыларының бақылауында», — деп қорытындылады ведомство.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support