- Advertisement -

Жаңа жыл қарсаңында Тараз қаласында көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

224

- Advertisement -

Тараз қаласында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 15-шағын ауданнан бой көтерген жаңа 40 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл күні қоныс тойын тойлағандардың қатарында тұрмысы төмен, толық емес және көпбалалы отбасылар, жетім, әлеуметтік осал санаттағы басқа да азаматтар бар.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйдің құрылысын мердігер «Бином» ЖШС жүзеге асырған.

Жаңа пәтерлердің кілттерін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев табыс етті.

— Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде қолжетімді баспана мәселесін шешуге айрықша көңіл бөлінуде.  Бұл бағытта түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылданған десек, соның бірі «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында мыңдаған отбасы баспаналы болуда. Биыл облысымызда барлығы 2240 пәтер пайдалануға берілсе, оның жартысынан көбі Тараз қаласында.

Шаңырақтарыңыз әрдайым шаттыққа толып, береке орнасын!-деген аймақ басшысы қуаныш иелеріне ізгі тілегін жеткізіп, жиналғандарды жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Жаңа пәтердің кілтіне ие болғандардың қатарында көп балалы ана Айгүл Байғашева да бар.

– Мен енді пәтер жалдап әуреге түспейтініме қуаныштымын. Балаларым Жаңа жылды жаңа үйде қарсы аламыз деп мәз болып жүр. Баспанамыздың бөлмелері кең, жарық әрі жылы. Барлық жағдай жасалған. Осындай қолдау көрсеткен еліміздің және облыс басшылығына алғыс айтамыз. Мереке әрбір үйге жылулық, қуаныш пен береке әкелсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақыт және табыс тілеймін, — деді ол ағынан жарылып.

Бұл күні облыс әкімі жеке кәсіпкердің есебінен салынған Иманалиев көшесіндегі 4 қабатты 16 пәтерлі тұрғын үймен де танысты. Мердігер «Тараз Құрылыс дизайн» ЖШС. Бердібек Сапарбаев серіктестікке сапалы жұмыс үшін алғыс айтып, тұрғындарды жаңа баспанамен құттықтады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support