- Advertisement -

Ауруханаға 66 адам жеткізілді

57

- Advertisement -

Әскери қоймада орын алған жарылысқа байланысты өңірдің төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері барынша жұмылдырылды.

Оқиғаға байланысты қандай да бір туындаған сұрақтарыңызболса, төменде көрсетілген телефондар арқылы біле аласыздар:

— 109 телефон нөмірі;

— 8-778- 810-91-09 ватсап желісі арнайы іске қосылды.

Сонымен қатар,

— 8(7262) 51-41-67 телефон нөмірі арқылы жедел желіге хабарласуға болады.

Апат орын алған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, облыс орталығынан 400-ден астам орын дайындалған.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 32 дәрігер мен 56 медициналық қызметкер жұмылдырылды.

26.08.2021 ж. Сағат 23.30-дегі жағдай бойынша Тараз қалалық №1 ауруханасына және Байзақ аудандық орталық ауруханасына 66 науқас жеткізілді.

Олардың көпшілігі жеңіл жарақаттанған болса, 2-і ауыр жарақат алғандар.

Сонымен қатар, жұртшылықтан және БАҚ өкілдерінен тек қана ресми түрде жедел штаб тарапынан ұсынылатын ақпаратты назарға алуды сұраймыз.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support