- Advertisement -

Ақынын ардақтаған ел бақытты

145

- Advertisement -

Бүгін ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметова – 75 жасқа толды. Қазақ поэзиясының Ақ гүлі атанған танымал ақынды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы барып мерейтойымен құттықтап,  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыс етті. Ақынмен ақжарма кездесуде өңір, ел руханиятының бүгіні мен болашағы туралы келелі әңгіме өрбіді.

Күләш Ахметова – шын мәнінде Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғасы. Ол осынау жылдар белесінде мағыналы да мазмұнды өмір жолынан өтіп, бойдағы ерекше таланты, нәзік болмысымен көпшіліктің көңіл төрінен орын ала білді десек қателеспейміз. Ойлы өлеңдерімен қалың оқырманның жүрек қылын шерткен қаламгер шығармашылығы махаббат, табиғат, патриоттық сарынға негізделіп, әсіресе жастарды Отанды, туған елді сүюге, құрметтеуге, ұлтжандылыққа үндейді.

Аяулы ақынның бүгінге дейін көптеген жыр-жинақтары жарық көріп, талайдың іздеп, сүйіп оқитын авторына айналғаны ақиқат. Бұл – кез-келгенге бұйыра бермейтін бақ! Еліміздің рухани мұрасы – Күләш Ахметова шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа жете береріне, ақын қаламынан әлі де талай шұрайлы жыр жолдары жарыққа шығары сөзсіз. Әдебиеттегі тұғыры биік көрнекті тұлғамыздың ғұмыры ұзақ, абырой асқары аласармасын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support