- Advertisement -

Интернет алаяқтарының арбауы — оңай, құрықталуы — қиын

249

- Advertisement -

Елімізде интернет арқылы жасалатын алаяқтық рекордтық көрсеткішке жетті. Былтырғы жылмен салыстырғанда 31 пайызға жоғарылаған. Құқық қорғау органдарының өкілдері қанша сақ болу керектігін ескертіп жатқанымен, сан соғып қалғандар жетерлік.

Жыл басынан бері республикамызда интернет арқылы жасалған қылмыстың бар болғаны 10 пайызы ғана ашылған. Ал біздің облысымызда қаңтар мен ақпан айларында мұндай қылмыс саны 137-ге өсіп (өткен жылы 28 алаяқтық оқиға тіркелген), алаяқтық 389 пайызға бірақ жоғарылаған. Құқық қорғау қызметкерлері мұны елімізде төтенше жағдайлардың енгізілуімен, карантиндік талаптардың күшейтілуімен байланыстырады. Өйткені халықтың қозғалысына шектеу қойылған сəтте интернет тапсырыс, интернет дүкен саудасы қызып сала берген. Үйде отырып тамаққа ғана емес, азық-түлікке, киім-кешекке, қала берді бағалы қымбат заттарға тапсырыс берушілер саны еселеп артқан. Мұның интернет алаяқтар үшін таптырмас мүмкіндік болғаны анық. Мұндай қылмыстардың бүгінде ашылғаны 60 жағдай қана.

«Интернет алаяқтарды құрықтау өте қиын», – дейді облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істері жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Валихан Ағыбаев. «Ел қорғанса, мұндай қылмыс орын алмас еді. Өкінішке орай, біздің азаматтар сенгіштігімен де алаяқтардың құрығына оңай түсіп қалып қолындағы, қала берді банктегі қаржыларынан да айырылып қалуда», – дейді ол.

Оның айтуынша, алаяқтар бірнеше тəсілді қолданады екен. Атап айтсақ, банк қызметкерімін деп қоңырау шалады. Бұл қылмыстың кең тараған түрі. Айтатыны «Сіздің есепшотыңызға біреу операция жүргізіп жатыр. Аударым жасады, сіз жасайсыз ба?», – деп сұрайды. Банк клиенті «Жасаған жоқпын» десе, «Қалған ақшаңызды қауіпсіз шотқа аудару керек» деп, түрлі айла-шарғымен сендіреді. Бұл қылмыстың кең тараған түрі. Әрі олар өте сауатты сөйлеп, іші- бауырыңа еніп кетеді. Осылайша, көп адам банк өкілі хабарласты деп сеніп қалып, өз есепшоттарын айтып қояды. Жалпы банк өкілдері кез келген мәліметті құпия ұстайды, сіздің есепшотыңызды ешқашан сұрамайды. Олар есепшотынан біреудің ақша аударып алғанын білмейді. Көп адам есепшотынан ақша жоғалғанын кеш біліп, сан соғып қалып жатады.

Интернет алаяқтарды ұстау өте қиын. Өйткені алаяқтыққа баратындардың көбі шет мемлекетте отырып, интернет желісі арқылы жұмыс істегендіктен оларды құрықтау оңай емес. Көбінде бұл қадамға Ресей мен украиналық интернет алаяқтар барады. Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істері жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Валихан Ағыбаев «Олар өздерінің жымысқы əрекеттерін шет мемлекетте отырып істейді. Сондықтан да ондай алаяқтарды ұстау әзірге мүмкін емес. Оларға халықаралық іздеу жариялағанымызбен нəтиже аз. Ал мұндай алаяқтықтар өз елімізде жасалған болса, оны анықтап, құрықтау əлдеқайда оңай болар еді. Ұсталған алаяқтың əрекеті əшкереленсе бірнеше айдан төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылады» дейді.

Əлеуметтік желіге заттарын қойып сату да бүгін жақсы жолға қойылған. Оған хабарласқан алаяқ, «затыңыз ұнады, кепілге ақша салам, маған карточкаңыздың нөмірін жіберіңіз» дейді. Көбінде олар курьер ретінде басқа біреудің құжатын жіберіп, сізден толық мəлімет сұрайды. Көп азаматтар оған сеніп, толық ақпаратын жіберіп қояды. «Ұнаған затын адам өзі келіп көруі керек. Ешқандай реквизиттерді толтыруға болмайды. Карточка нөмірін ешкімге бермеген жөн. Бүгінде алаяқтар «Колесо», «Инстаграм» мен сауда-саттық желілерін де жаулап алған. Олар сатылымға шығарған затының бағасын арзан етіп қояды. Сөйтіп, адамдарды арзандығымен қызықтырады. Қызығушылық танытқан адамға алатын болсаң ал, бұл затты алуға 5-6 адам келіп тұр. Алатын болсаң алғашқы төлемақы жаса» деп айналдырады. Көп азамат сол заттан айырылып қалмайық деп төлемақы жасап соңынан сан соғып қалады. Біз «Не үшін ақша салдыңыз десек?», «Арзанына қызығып едім» дейді. Осылайша, үйден шықпай тапсырыс бере салады. Бірден келісе салмай с о л с а й т т а н о л а р т у р а л ы жазғандардың пікірін көру керек. Видеоқоңыраумен сөйлесу қажет. Алаяқ болса видеоқоңыраумен шықпайды. Олардың дүкені жоқ. Оны зерттеу керек. Осының бəрін халық тексермейді. Ақшасына келісіп жібере салады. Артынан опық жеп, арызданады», – дейді полиция өкілі.

Әлеуметтік желі демекші, мұндай хаттар өзімнің Facebook парақшама да бірнеше рет келген. Олардың барлығын жауапсыз қалдырдым. Жақында Филиппин мемлекетінен Хосе Велосо мырза бай туысымның табылғанын айтып, соның мұрагері болып, қаржысын бөлісу туралы ұсыныс жасады. Ол маған жолдаған хатында былай дейді: «Құрметті Марат Кулибаев, Түсінгеніңізге рақмет, мен осындай есімді біреуді іздедім. Мені сізбен байланысып, б і р — б і р і м і з г е қ а н ш а л ы қ т ы жақсы көмектесетінімізді білуге итермеледі. Мен Хосе Велосо мырзамын, Филиппин Ұлттық Б а н к і н д е ауд и т ж ө н і н д е г і менеджермін. Алланың қалауымен сені дәл қазір кездестіремін деп сенемін. Мен сіздермен бөліскім к е л е т і н м а ң ы з д ы і с к е р л і к талқылауды өткізіп отырмын, сізді қызықтырады деп сенемін, себебі бұл сіздің тегіңізге байланысты және сіз одан пайда көресіз.

Гентиан Кулибаев деген Сіздің елдің азаматының біздің банкте 12 500 000,00 АҚШ долларына (он екі миллион бес жүз мың біріккен мемлекеттік доллар) белгіленген депозиті болды, бұл салымның мерзімі өткен жылы болған еді. Өкінішке орай, Гентиан Кулибаев 2012 жылы 11 мамырда Филиппинде адам өліміне алып келген апатта жеті көліктің қатысуымен болған, Паранака қалалық жолымен бірге Филиппиннің Манила жолы, отыз бес адам сол жерде қаза тапты.

Менің банк басшылығым оның қайтыс болғаны туралы әлі білмейді, мен бұл туралы білдім, өйткені ол менің досым еді, мен қызметім жоғарылағанға дейін есепшот ашық болған кезде мен оның офицері болдым. Алайда Джентиан мырза шот ашылған кезде Кин/Мұрагер туралы ештеңе айтпады және ол үйленбеген және балалары болған жоқ. Өткен аптада менің Банк басшылығым келісімшартты ұзартқан жағдайда оның қаражаты туралы не істеу керектігі туралы нұсқау беруімді өтінді.

Мен бұның болатынын білемін, сондықтан мен жағдайды шешетін құрал іздедім, өйткені егер менің банк директорларым Гентианның қайтыс болғанын және мұрагері жоқ екенін білсе, олар қаражатты өздерінің жеке қажеттіліктері үшін алады, сондықтан мен мұндай жағдайдың болғанын қаламаймын. Сондықтан сіздің атыңызды көргенде қуаныштымын және мен сізді есепшотқа Кин/ Мұрагер ретінде ұсыну үшін ынтымақт астықты іздеймін, ө й т ке н і с і з о н ы м е н б і рд е й фамилияға ие болдыңыз және менің штабым сізге есепшотты жібереді. Мұнда ешқандай қауіп жоқ, транзакция кез келген заң бұзушылықтан сақтайтын заңды келісім бойынша жасалады» депті менің жаңа танысым маған жолдаған хатында.

Мұнымен қоймай, ол бөліс жағын да қозғай кетіпті. «Банк директорларына алуға мүмкіндік бергеннен гөрі ақшаны талап еткеніміз жақсы, олар қазірдің өзінде бай. Мен ашкөз емеспін, сондықтан мен қаражатты бірдей бөлуді, 50/50 пайыз екі жаққа бөлуді ұсынамын, менің үлесім менің жеке компаниямды құруға және түскен ақшаны қайырымдылыққа жұмсауға көмектеседі. Маған менің ұсынысым туралы ойларыңызды айтыңыз. Өтінемін, бұл ақпаратты құпия ретінде қарастырыңыз. Жедел жауап алғаннан кейін, сізге жеке электрондық пошта мекен-жайы: joseveloso438@gmail. com арқылы егжей-тегжейлер туралы жазуға тағы көп нәрсе бар. Күндеріңіз сәтті өтсін, Алла разы болсын. Сіздің жедел жауабыңызды күту. Хосе Велосо мырза. Электрондық пошта мекен- жайы: joseveloso ReplyForward».

Осылай әлеуметтік желінің арқасында бір күнде «миллионер» болып шыға келдім. Оған тегімнің де сеп болғаны анық. Енді сол алты миллион АҚШ долларын алсам ба екен, әлде алмасам ба екен деп ойланып жүрмін. Сіз не дейсіз?

Міне, шет мемлекетте отырып жұмыс істейтін алаяқтардың бұл бір құйтырқы әрекеті. Мұндай жазба менен басқа да қаншама Кулибаевтарға жіберілді екен. Кім біледі? «Оңай олжа ғой, менің ештеңем кетіп жатқан жоқ, көрейінші байланысып» деп жәй ғана қызығушылық танытып, соңынан с еніп қалып, жеке құжаттарын беріп жібермесіне кім кепіл?!

Алаяқтардың құрығына ілінген Айша атты азаматша (өз өтініші бойынша есім бұрмаланып алынды) да алданғандардың бірі. Оған белгісіз адам «Банктің қауіпсіздік қызметкерімін» деп қоңырау шалып, «біреу сіздің шотыңызға шабуыл жасайын деп жатыр» деді. Ол «Сіздің шотыңызды біз бұғаттаймыз. Ол үшін сіз шотыңыздағы ақшаларды он екі сандық нөмірді айтамыз соған аударыңыз» деп айтты. Сөйтіп, Айша үйге келген соң шотындағы аз ғана ақшаны аударып жібергеннен біраз күннен кейін алданғанын білген.

Полицейлердің айтуынша, ондай қылмысты зерттеу қиын. Ө й т ке н і а л а я қ т а р д ы ң д е н і ұйымдасқан. Әрі әлемнің әр түкпірінде отырып жұмыс істейді. Сарапшылар адамдардың жеке деректерін әлеуметтік желіден табу оп-оңай дейді. Сондай-ақ полиция өкілдері тұрғындарға бірінші кезекте ешкімге құжат бермеуді ескертеді. Одан кейін қазір интернетке кірсең неше адамның жеке куәлігі, карточкасы толып тұр.

Бұл қылмыстың алдын алу үшін елімізде «2021-2022 жылдарға арналған ақпараттық технология саласындағы қылмыспен күресу» туралы арнайы бағдарлама да қабылданыпты. Алғашқы кезеңінде х а л ы қ а р а с ы н д а т ү с і н д і р у жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар адамдар көп шоғырланатын жерлерге үнпарақтар ілініп, əлеуметтік желіде е скертпе ақпараттары таратылуда.

Тілші түйіні: Байқап отырғанымыздай, интернет алаяқтар түрлі әдіс-тәсілді жақсы меңгерген. Сауатты сөйлеп, адамды шатастырады. Осыған орай елдегі банктер жақында үндеу жариялады. Алаяқтардың схемаларын зерттеп, мына шараларды сақтауды ескертеді. Атап айтсақ, бөгде біреу телефон шалса мобильді қосымша мен интернет- банкинг құпиясөзін, картаның нөмірі, CVV/CVC-кодын, операцияны растау үшін SMS-кодын ешкімге айтпау керек. Ал олар ұсынған мобильді орнатпау, сілтемелерге кірмеу, сауалнамаларды толтырмау қажет. Одан бөлек, жеке тұлға интернет сайтқа мұқият қарау керек. Сайттың атауында https әріп болу керек, егер тек қана http болып s әріпі жоқ болса, бұл жалған сайт болғаны. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, елімізде 48 миллионнан астам төлем картасы бар. Бұл онлайн сауданың артқанының көрінісі. Бірақ тұрғындар сақ болмаса алаяқтардың да оңай олжаға батқаны батқан. Мәселен, қаңтар айында алаяқтық бойынша келтірілген шығын 1,8 миллиард теңгеден асқан. Әсіресе интернет алаяқтарды өкінішке орай құрықтау мүмкін болмай тұр. Ащы да болса шындық. Сондықтан әркім өз құжатына абай болмаса, интернет алаяқтардың құрығына түсетіні анық.

Марат Құлибаев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support