- Advertisement -

Төртінші тоқсанда қай пәндер қашықтан оқытылады?

139

- Advertisement -

 ІV тоқсанда мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникциялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

«ІV тоқсандағы ең басты мәселе – санитарлық талаптарды қатаң сақтау. Бүгінгі күні білім басқармалары, мектеп әкімшілігі, мектеп басшылығы барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау нормалары бойынша жұмысын жалғастыруда. Сонымен қатар әр оқушы, әр педагог өзінің жеке бас гигиенасын сақтау мәселесін де ұмытпауы керек. Мектепте сабақтар қатаң тәртіпті сақтай отырып жалғасады», – дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.

Оның айтуынша, асханалардың, м е кт е п — и н т е р н ат т а рд ы ң ж ұ м ы с ы жергілікті бас санитар дәрігерлердің қадағалауымен жалғаса береді. «Ата- аналарға айтқым келетіні, ІV тоқсанда мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ. Оқушылар өздеріне қолайлы, ұқыпты және таза киім киіп, мектепке баруына рұқсат етілген. Қай пәннің қалай өтетінін әр мектеп өз жағдайына қарай іске асырады. Министрлік қай пәндерді қашықтан оқытуға болатыны туралы ұсыным жолдады. Онда музыка, көркем еңбек, құқық негіздері, графика және жобалау, кәсіпкерлік және бизнес негіздері, информатика пәндерін қашықтан оқытуға болатыны көрсетілген. Дене шынықтыру пәні штаттық форматта таза ауада жүргізілуіне рұқсат етілді», – дейді ол.

Спикердің айтуынша, тәуекелі жоғары аймақта орналасқан өңірлерде оқыту осыған дейінгідей жалғасады. Мектепалды даярлық, 1 — 5 — с ы н ы п ( х а л ы қ а р а л ы қ м е к т е п т е р д е 1 — 7 — с ы н ы п ) оқушылары аралас форматта оқиды, сыныпта бала санын 25- тен асырмау қажет. Бітіруші 9, 11 (12)-сыныптар аптаның 6 күнінде аралас форматта оқиды. Сыныпта бала санын 15-тен асырмау қажет.

«ІІІ тоқсанда қазақстандық мектептерде 2 300 000 (66%) оқушы оқуды дәстүрлі немесе аралас форматта аяқтады. 1 100 000 (34%) оқушы қашықтан оқыды. ІV тоқсанды бастауға қ а т ы с т ы м ә с е л е Ү к і м е т жанындағы ведомствоаралық ко м и с с и я н ы ң о т ы р ы с ы н д а қаралып, 25 наурызда еліміздің бас санитар дәрігерінің қаулысы қабылданды. ІV тоқсанда оқыту форматы өңір тәуекелі төмен немесе орташа аймақтарда болған жағдайда барлық оқушы мектепте аралас форматта оқуға көшеді», – дейді Білім және ғылым вице- министрі Шолпан Каринова.

Жиында 300-ге дейінгі оқушы бар мектептер жұмысын әрі қарай дәстүрлі форматта жалғастыратыны мәлім болды. ІV тоқсан форматына ауысқан кезде 1 оқушы – 1 кабинет принципі сақталып, оқушылардың саны әр сыныпта 25-тен аспауы керек. Бұл мәселе қаулыда қарастырылған. Әр пән әдеттегідей 40 минуттан болады. Оқушылардың білім сапасындағы олқылықтарды толтыру бойынша жұмыс та жалғасады. Науқастанып қалған немесе науқастармен байланыста болған кейбір ерекше жағдайда ата-ананың өтініші негізінде бала қашықтан оқу форматында қала алады екен.

Вице-министр 1 сәуірден бастап барлық қазақстандық мектептерде келесі оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау үрдісі б а с т а л а т ы н ы н м ә л і м д е д і . Б а л а с ы н б і р і н ш і с ы н ы п қ а беруді жоспарлаған ата-аналар құжаттарын өткізе беруіне болады.

«Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі. 1-сыныпқа алты жасар және биыл 6-ға толатын балаларды қабылдайды. 2021-2022 оқу жылы 1-сыныпқа 340 мыңнан аса бала қабылдау жоспарланып отыр», – дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова. Оның айтуынша, бірінші сынып оқушыларының құжатт арын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады. «Қажетті құжаттар: ата-ана өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар), баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, «Бала денсаулығы паспорты» және 3х4 көлеміндегі 2 фото», – деді Ш.Каринова.

Сондай-ақ оқушыларды 40 минут бойы маска тағып отыруға мәжбүрлеу – қиын. «Еліміздің бас санитар дәрігерінің 25 наурызда қабылдаған қаулысы «жасыл» және «сары» аймақтағы мектептерге ғана қатысты. Осыған байланысты «Сыныпта маска тақпай отыруға болады» деген шешімнің «қызыл» аймақта орналасқан мектептерге қатысы жоқ», – деді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің тамақтану, білім және тәрбиелеу объектілерін с а н и т а р и я л ы қ — г и г и е н а л ы қ б а қ ы л а у ж ә н е қ а д а ғ а л а у басқармасының басшысы Марал Рахымжанова.

Оның айтуынша, оқушыларды 40 минут бойы маска тағып отыруға мәжбүрлеу – қиын. «Тамақтанатын жерде маска шешіп отыруға болатыны сияқты, сабақ оқып отырған кезде де маска шешіп отыруға болады. Біріншіден, әр сабақ әрі кетсе 40 минутқа созылады және әр пәннен кейін үзіліс болып отырады», – дейді ол.

Орталық коммуникациялар қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support