- Advertisement -

Мемлекет және қоғам қайраткері Салық Зиманұлы Зиманов!

66

- Advertisement -

 

Салық Зиманұлы Зиманов 1921 жылы 19 ақпанда Гурьев қаласында (қазіргі Атырау қаласы) дүниеге келген.

Салық Зиманов мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, заң ғылымының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Халық депутаты, Жоғарғы Кеңестің депутаты, Жоғарғы Кеңес комитетінің төрағасы болып сайланды.

Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі көптеген жаңа заңдарды қабылдауға тиіс болды. Осы жауапты тарихи кезеңде Салық Зиманов — білімділік, қайраткерлік қырымен танылды. Қазақ мемлекеттігі мен қазақ халқының тарихында шешуші рөл атқарған «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның» жобасын дайындау жөніндегі комиссияны басқарды. Ел тарихындағы екінші бір аса маңызды саяси актінің – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның жобасын дайындау жөніндегі комиссияның жетекші мүшелерінің бірі болды. Ол Жоғарғы Кеңестегі Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын әзірлеу жөніндегі Конституциялық комиссияның мүшесі болды, мұнда ол сарапшылар тобын басқарды.

500-ден астам ғылыми жұмыстың, соның ішінде 20-дан астам монографияның авторы.

1986 жылы Желтоқсан оқиғасы кезінде де ол азаматтық ерлік көрсетті. Империялық орталықтың үлкен лауазымды өкілдерінің қазақ халқы атына айтқан астам пікірлеріне тайсалмай қарсы шығып, ұлт намысын, ел абыройын нақты да кесімді дәлелдермен қорғап қалды.

Салық Зиманов ел алдындағы қызметі мен ғылымға қосқан үлесі үшін жоғары марапаттарға ие болды. Президенттің Бейбітшілік және рухани келісім, ҚР Мемлекеттік және Тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты. І-дәрежелі Отан соғысы орденімен 2 рет, Қызыл Жұлдыз, Халықтар достығы, «Парасат» ордендерімен марапатталған. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Атырау облысының Құрметті азаматы.

 

Жамбыл облысы Әділет

департаментінің бас маманы

Қуатбеков Ғалымжан Қанатұл

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support