- Advertisement -

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы тағайындалды

123

- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жүнісбай Ерлан Нұрманұлы Жамбыл облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Ерлан Жүнісбай 1976 жылы туған. Білімі жоғары.

1998 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Драма және кино актеры» мамандығы бойынша тәмамдады. Ал 2018 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Гуманитарлық ғылымдар магистрі» дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2001 жылы «МузАрт» тобының директоры болып бастаған.

2003-2007 жылдары «Қазақ әуендері» АҚ «Қазақконцерт» концерттік бірлестігінің менеджері, 2009-2016 жылдары «Қазақ әуендері» АҚ «Қазақконцерт» концерттік бірлестігінің бас менеджері, 2017-2020 жылдары «GG CINEMA» ЖШС директоры қызметтерін атқарған.

Өнер саласындағы жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support