- Advertisement -

Қыста қайда барып демаламыз?

255

- Advertisement -

Жаздың жайдары күндерінде көңілді демалыс өткізуге мүмкіндік көп. Қаладан шығып, тау бөктерін саялап, демалыс орындары мен өзен-көл жағалап сергіп қайтуға болады. Ал қыста көпшілік қайда демалып жүр? Қалтасы көтергендер бұрын шетелге баратын, карантинге байланысты ол да жоқ. Жылдан-жылға халықтың экотуризм мәдениеті біршама артып, табиғат аясында таза ауамен тыныстауға ниет білдірушілер қатары көбейіп келеді. Ол үшін шекара аспай-ақ қоюға да болады. Бірақ жамбылдық туризм бұл талапқа жауап бере алады ма?

Жалпы біздің облысты, әсіресе Тараз қаласын тарихи- танымдық туризммен ғана байланыстырып жатады. Бұл бағыт негізінен шетелдік туристер тартуды көздесе керек. Ал жергілікті халық аптаның кәдімгі сенбі- жексенбі күндері қайда барады? Отбасымен бой сергітіп, таулы табиғатта серуендеуге арналған орындар бар ма? Жамбылдық кәсіпкерлер бұл салаға қаржы құюға құлықты ма?

Облыстық туризм басқармасының мәліметінше, өткен жылы өңірге келген туристер саны 62 080 адамды құраған. Олардың 1 050-і шетелдік туристер болса, қалған 61 030-ы еліміздің басқа аймақтарынан келген туристер. Аудандар көлемінде 45 жаңа туристік маршруттар әзірленіп, туристік нысандардың саны 115-ті құрапты. Бірақ олардың арасында қаншасы қысқы туризмге бағытталғаны туралы нақты мәлімет жоқ. Бүгінде аталмыш басқарманың басшысы лауазымының орны бос тұр. Жауапты мамандары қысқы экотуризммен қандай демалыс нысандары және туристік компаниялар айналысып жүргенін тарқатып айта алмады. Демек, басқарма бұл бағытқа ден қоймайтын сияқты. Өңірдің туристік нысандарын қамтитын «Taraz tour» жаңартылған мобильдік қосымшасы іске қосылыпты, алайда бұл қызметтің көмегіне жүгінетіндер қарасы көп емес, себебі қосымша ішіндегі кедергілер мен деректердің қамтылуы көңіл көншітпейді. Қысқы демалысқа арналған нысандар туралы мәліметті ол жерден де таппадық.

Қысқы демалыстарды жүйелі ұйымдастырумен табыс қоржынын қомпитуға болатынына дәлел көп және сол арқылы жергілікті халықтың бос уақытын тиімді әрі денсаулыққа пайдалы түрде ұйымдастыруға мүмкіндік туар еді.

Бүгінде карантинге байланысты туристік компаниялар уақытша жұмысын тоқтатқаны белгілі. Алайда «Золотой караван» туристік фирмасы қарап отырмай, қыс мезгілін тиімді пайдаланып жатыр. Олар сауықтыру әрі тарихи-танымдық экскурсиялар ұйымдастырып, ішкі туризмге өзіндік үлестерін қосуда.  Негізінен өз тұтынушыларын Жуалы ауданындағы Қаралма тау бөктеріне алып барады екен. Сонымен қатар, орындықтарын, керек-жарақтарын қо са ала барады. Жол-жөнекей экскурсия жетекшісі өңірдің тарихи құндылықтарымен көне ескерткіштері, көрнекті жерлері туралы әңгімелейді. «Кейде адамдар экскурсия жетекшісін тыңдап отырып, туған жерлерімен қайта танысып, таңғалады. Қаншама жыл облыс орталығында өмір сүріп, шежірелі Тараздың өткенін білмейтіндер баршылық екен. Біздің мақсатымыз да осы: туған өлкеге деген сүйіспеншілікті ояту, тереңірек таныстыру», – дейді орталық директоры Альбина Веймер. Экскурсияға шығар алдында күн тәртібі түгел жоспарланатын көрінеді. Демалушылар биіктен сырғанап, балаша асыр салып, шатт анып, билеп, орт алық ұйымдастырған ұтыс ойындарына қатысып, естелік сыйлықтар алып, бір күндерінің текке өтпегеніне көңілдері толып, мәз-мейрам болып тарқайды. «Құдаларға арналған турымыз да бар. Шаңырақ көтерген екі жастың ата-аналары танысуға келгенде экскурсияға тапсырыс беретін жағдайлар болады. Мысалы, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Алматы қаласынан келген құдаларға өз қызметімізді көрсеттік. Ендігі мақсатымыз – балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту. Балалар саяхаттау арқылы туған өлкенің тарихын тануы керек», – дейді кәсіпкер.

Жуалы, Меркі, Т.Рысқұлов, Жамбыл аудандары сияқты таулы аймақтар қысқы туризмге қолайлы. Мәс елен, Жуа лы ауданында 1997 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Тау самалы» жазғы сауықтыру лагері қыс айларында да адам қабылдай алады. Онда сол төңіректің флорасы қызықтыратын шетелдіктер жиі келеді. Әсіресе нидерландылықтар, жапондар, германиялықтар қызғалдақтар әлемі мен алма ағаштарын зерттейді, археологиялық қазба жұмыстарына келген туристер де «Тау самалына» жайғасады екен. Сонымен қатар, жасөспірімдер жазғы демалыстарын осында өткізеді. Жергілікті тұрғындар кәуап пісіріп, таза ауада демалуға келеді. Мұндай демалысқа қыста келушілердің де саны арта бастаған. Бірақ нысанның жұмысына кедергі келтіріп тұрған үлкен проблема – кәріз жүйесінің жоқтығы. Адам көп келгенде осы мәселеден қолайсыздық туындайды. Лагерьдің директоры Жанель Тілебаева бірнеше жылдан бері бұл жөнінде облыстан қолдау сұрап келе жатқандарын, басшылардың көбі көмектесуге уәде бергенмен, нәтиже жоқтығын айтып налып отыр. «Бұрынғы облыс әкімдерінің үшеуі мән-жайымызбен танысып, көмектесетіндеріне сендірген. Біз миллиондаған қаражат жұмсап жобалық-сметалық құжаттарды жасатамыз, алайда уәде – уәде күйінде қала берді. Қазіргі уақытта газ қосу бойынша да жүгіріп жатырмыз», – деді ол.

Тұрар Рысқұлов ауданының табиғаты да тынысыңды ашып, көз сүйсіндіреді. Сол бай табиғатын кәдеге жаратып отырған «Тау қымыз» емдеу-сауықтыру және демалыс орталығы да қысы-жазы өз қонақтарын қабылдауда. Бұл жердің ерекшелігі – аты айтып тұрғандай қымыз және саумалмен сауықтыру.

«Қыст а отбасыларымен келгендер таудан сырғанап, атқа мініп, жылы бассейнге түсіп, қымыз ішіп демалады. Монша мен бильярд залы бар. Қаланың ауасынан тынысы тарылғандар, жүрек, қан тамыры ауруларымен ауыратын адамдар осында жиі келеді», – деген орталықтың басқарушы әкімшісі Жанерке Дөненбаева сондай-ақ әртүрлі саланың қызметкерлеріне «Тау қ ы м ы з » е м д еу — с ау ы қ т ы р у  о р т а л ы ғ ы н д а  д е м а л ы с қ а жолдама беруді ұйымдастыру туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тиісті басшыларға тапсырма бергенін де айтып өтті. Олар осы тапсырманың ертерек орындалып, келушілер санының арта түсетінінен дәмелі.

Алдағы уақытта тағы бірнеше туристік нысандар қатарға қосылмақ. Жамбылдықтар ерекше күтіп жүрген айшықты жоба – Жуалы ауданындағы «Қаралма» тау-шаңғы демалыс орталығы. Кешеннің бір артықшылығы – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізіне жақын орналасуы. Курорт Б.Момышұлы ауылынан – 20, Тараз қаласынан – 70, Шымкент қаласынан 90 километр қашықтықта жатыр. Күніне 6000- нан 12 000-ға дейін келушілерді қабылдамақ. Бірақ бастапқы жоспар бойынша жоба 2019 жылы іске қосылуы тиіс болатын. Алайда бүгінгі күнге құрылыстың а л ғ а ш қ ы ке з е ң і д е тол ы қ аяқталмаған сияқты. Оған ішінара инженерлік коммуникациялар, кейбір кәсіпкерлік нысандары және арқан жол кіреді.

«Бизнестің жол картасы-2025» б а ғ д а р л а м а с ы б о й ы н ш а кешенді сумен жабдықтау және тазалау құрылыстарын салуды қаржыландыруға құжатт ар дайындалып жатыр. Көктемде бұл құрылыс басталады және үлкен ілмекті арқан жолды монтаждау ж ұ м ы с ы м ә р е с і н е же т п е к . Сондай-ақ жасанды қармен жабдықтау жүйесін орнатпақпыз. Жобаны жүзеге асырудың екінші кезеңінде қонақ үй, спорт кешені, бассейн құрылыстары, атпен және жаяу серуендеуді ұйымдастыру жұмыстары қамтылмақ. Үшінші кезеңде қолда бар қызметтер к е ң е й т і л і п , т о л ы қ т ы р ы л а түседі», – дейді жоба жетекшісі « Т а р а з с т р о й — 2 0 0 4 » Ж Ш С басшысы Төленді Күздеубаев. Серіктестік жобаға 7 миллиард теңгеден астам қаражат салған. А л и н ф р а қ ұ р ы л ы м ғ а 5 9 2 миллион теңге қажет екен. Ол былтырдан қалып, енді биыл қаржыландырылады деп күтілуде.

Ж а м б ы л а у д а н ы н ы ң Айша бибі ауылында «Әулие бастау» және «Таскөл» туристік нысандарын ашу жоспарланған. V I – X I I I ғ а с ы р л а р д а ғ ы Әулиебастау қалашығы Орта Азияға іссапармен барған орыс шығыстанушысы В.В.Бартольдтің еңбегінде «Абдуррахман» деген атпен қалған. Онда суы жыл он екі ай бір температураны (+16) сақтап тұратын «Әулие-бастау» бұлағы бар. Бұлақ суының құрамында адам денсаулығына пайдалы магний, калий, йод секілді 17 түрлі микроэлемент кездеседі. Жергілікті кәсіпкер Еркін Өскеленов мал жайылымына арналған 50 гектар жерді осы маңнан заңдастырып, бүгінде негізгі жолдан қалашыққа дейінгі жолға қиыршық тас төсеп, көлік тұрағын асфальттағандарын а й т а д ы . А л д а ғ ы у а қ ы т т а қалашықтың маңынан бірқатар нысан салып, жабық орындықтар орналастырып, айналаға тал- дарақтар егіп, келушілердің емделуіне қолайлы жағдай ту ғ ы з ы п , д е ма л ы с о р н ы н а айналдыруды көздеп отырса керек. Ол үшін 100 миллион теңге қажет. Қыстың «крещенский мороз» күндерінде мұнда келушілер тіпті жиілейді.

А л « Т а с к ө л » т у р и с т і к нысанында балық өсіруге және балық аулаушыларға арналған демалыс орындарын салуға мүмкіндік бар. Мұнда тұқы, сазан, мөңке, шортан және басқа балық түрлері кездеседі. Есептей келе, «Таскөлді» туристік демалыс орнына айналдыруға шамамен 200 миллион теңге қаражат қажет екенін айтқан жоба басшысының орынбасары Керім Балтабаев негізгі асфальт жолдан «Таскөлге» дейін 2,8 шақырым асфальт жол мен жарық желісін жүргізіп беруге облыс басшылығынан уәде берілгенін жеткізді. Әзірге өздері үйшіктер салып, көл жағалауын ж а ғ а ж а й ғ а а й н а л д ы р у ғ а кірісіп кеткен. Мамыр айында жұмыстарын аяқтайды. Қыста да қарап жатпай, сырғанақ жасап, балық аулаушыларды қабылдамақ ойлары бар.

Ал кәсіпкер Нұрмұхамед Исақов – «Көксай» туристік б а з а с ы » ж о б а с ы н ы ң бастамашысы. 2018 жылы Жуалы ауданындағы Көксай шатқалынан 40 гектар жерді 49 жылға жалға алып, табиғат аясында демалуға барған туристерді қабылдауда. Бұлақ жағасында беседкалар, киіз үйлер орнатылып, арнайы демалуға қолайлы орындар жасақталған. «Туристердің көп келетіндігін ескере отырып, халықаралық талаптарға сәйкес, жылдың барлық мерзімінде қызмет көрсететін ірі туристік д е м а л ы с б а з а с ы н а ш уд ы ұйғардым. Жобаның құны – 3,5 миллиард теңге. Құрылыс жұмыстары жеке инвестиция есебінен жүргізілетін болады. Туристік база іске қосылған ж а ғ д а й д а 8 0 — 1 0 0 ж ұ м ы с орнын ашу көзделуде. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстарын бастауға қажетті құжаттарды дайындау үстіндеміз», – деген кәсіпкер инфрақұрылым жүргізу мәселесіне қолдау сұрауда. Таудың ішіндегі туристік базаға 16-18 шақырым автожол қажет және газ мәселесі шешімін таппаған. Ал су мен электр жарығын тартуды өздері қолға алмақ. Базаның іске қосылуы туристер санының өсуіне үлкен әсерін тигізетініне кәсіпкер сенімді.

P.S: Байқағанымыздай, туристік аймақтарда инфрақұрылым мәселесі өзекті қалпында. Ал туристік нысандарға инфрақұрылымдық қолдау білдіру – мемлекеттің мойнындағы міндет. Туризм экономика саласын жетелеуші күш екендігін бүгінгі кезең дәлелдеп отыр. Сыртқы туризм мен ішкі туризмді дамыту үшін оған барынша қолайлы орта құру қажет. Экотуризм – үлкен мәдениет әрі табыс көзі. Жаяу серуен, атпен серуен, жалға алатын біраз нысандар мен құрылғылар, дәмхана мен мейрамханалардың ашылуы он шақты саланың тамырына қан жүгіртіп, қаншама адамға жұмыс болар еді. Егер мәдениетті демалыс ұйымдастыра білсек, табиғатқа келер зиян жоқ. Еуропада адамдар жаппай экотуризмге шығады, одан табиғаты құлдырап кеткен жоқ, керісінше өркендеуде. Әлемде туризмді қыруар қаржы көзіне айналдырып отырған елдер сияқты біздің өлке табиғатының да әлеуеті мол. Тек оны ынтамен ұйымдастыра білу керек.

Қарлығаш Есбергенова.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support