- Advertisement -

«Коронавирустың әсері азаяды»

39

- Advertisement -

   

               Медицина ғылымдарының докторы, профессор Жақсылық Досқалиев коронавирусқа қарсы вакцина індеттің әсерін азайтатынын айтады. Оның айтуынша, алдағы уақытта коронавирус жойылмайды, вакцина арқылы оның әсерін азайтуға болады. «Вакцина – коронавирусты жұқтырмаудың, алдын алудың бірден-бір жолы, қорғаныс құралы. Қазір әлемде вирусқа қарсы бірнеше вакцина тіркеліп үлгерді. Біздің QazCovid-in қазақстандық вакцинасы сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр. Осы орайда бірқатар шенеунік – Асхат Аймағамбетов, Бердібек Сапарбаев, Ерлан Қарин секілді азаматтардың оны ерікті ретінде салғызғанын естіп, біліп отырмыз. Өз басым бұны құптаймын», — дейді Жақсылық Досқалиев.

«Менің ойымша, коронавирус мүлдем жойылып кетпейді. Болашақта сынақтан өткен вакциналардың арқасында оның әсерін азайтуға болады. Оған халықты жаппай вакциналау арқылы қол жеткізуге болады. Жұрттың 80% -ында ұжымдық иммунитет қалыптасқан кезде вирус бәсеңдеп, оның зияны азаяды. Ел азаматтары дәрігерлердің ақыл-кеңестеріне құлақ түріп, санитарлық-қауіпсіздік шараларын сақтаса, індетті жеңу де қиын емес. Бәрі өзімізге байланысты», – дейді Жақсылық Досқалиев.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда 10 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу жоспарланып отырғанын айтқан болатын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support