- Advertisement -

Теріс қылықтардың алдын алу бойынша іс-шара өтті

370

- Advertisement -

 

         Гвардейск гарнизонының Әскери полиция бөлімі анықтау және іздестіру бөлімшесінің офицер-уәкілі әділет аға лейтенанты Ербол Сахаев гарнизондағы әскери бөлімдердің лауазымды тұлғаларымен теріс қылықтардың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға батальон (дивизион), рота (батарея) командирлері және командирлердің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасарлары мен психологтар қатысты. Шара барысында теріс қылықтарды болдырмау және алдын алу жұмыстары бойынша атқарылатын іс-шаралардың әдістері мен негізгі бағыттары түсіндірілді. Жеке құраммен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының сапасы мен нәтижелері де айтылды. Сондай-ақ,  әртүрлі мәселелер көтеріліп, проблемалық сұрақтарына жауап алды. Тыңдаушылар тәжірибе алмасты.

Ағымдағы жылы гарнизондағы әскери бөлімдерде құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, көптеген алдын алу іс-шаралары атқарылды. Мәселен, Гвардейск гарнизонының Әскери полиция бөлімі анықтау және іздестіру бөлімшесінің анықтаушылары әділет капитаны Азамат Жарымбетов пен әділет аға лейтенанты Ринат Келдібаев әскери бөлімдерде қылмыстың алдын алу мақсатында ҚР Қылмыстық кодексінің 18 тарауындағы әскери қылмыстық құқық бұзушылықтардың баптарын жеке құрамға жеткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді және лауазымды тұлғалармен дөңгелек үстел шараларын өткізді.

Алдын алу жұмыстардың пайдасы мол екені айдан анық. Олай болса біз, бір жұдырықтай бірлесіп, Қарулы Күштерде теріс қылықтарға жол бермеуіміз қажет. Ол үшін құқық қорғау органдарының өкілдерімен әскери бөлімдердің тәрбиеші офицерлер құрамы тығыз қарым-қатынаста бірлесе отырып, алдын алу іс-шараларын жиі ұйымдастыру қажет.

 

Гвардейск гарнизоны

баспасөз қызметінің бастығы

майор Жомарт Тажиханов

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support