- Advertisement -

Зымыран және артиллерия әскері: Қарулы Күштердің отты күші

159

- Advertisement -

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде 19-қараша Зымыран әскерлері және артиллерия күні. Кәсіби мереке қарсаңында Гвардейск гарнизонында салтанатты шара өтті.

82796 әскери бөлімі салтанатты іс-шарада әскери бөлімнің жауынгерлік туы саптық алаңға шығарылып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны шырқалды. Әскери бөлімнің жеке құрамы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, сап түзеді.

Айтулы мерекеде әскери бөлім командирі гвардия полковнигі Тілек Серікпаев, қызмет барысында жетістіктерге жеткен әскери қызметшілерге алғыс жариялап, үздіктерді грамотамен марапаттады.

«Осы сәтті пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Зымыран әскерлері және артиллерия күнімен барлық генералдар, офицерлер және сержанттар мен сарбаздарды осы мерекемен әскери бөлімінің жеке құрамы атынан шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, кәсіби шеберлік, жауынгерлік даярлықта жақсы нәтижелерге қол жеткізуге шын жүректен тілектеспін», – деді  82796 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары – штаб бастығы гвардия полковнигі Дәкен Жақсыбаев.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері 82796 әскери бөлімі, өзінің жауынгерлік дәстүрін елімізді қорғау жолында жалғастырып келеді. Гвардияшылар дәстүрін жалғастырған, Құрлық әскерлерінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында ең үздік бөлімдердің бірі және Қазақстан Республикасының  Зымыран және артиллерия әскерлерінің ішінде жалғыз Гвардиялық әскери бөлім болып табылады.

 

Гвардейск гарнизоны

баспасөз қызметінің бастығы

майор Жомарт Тажиханов

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support