- Advertisement -

«Дені саудың-жаны сау»

324

- Advertisement -

Гвардейск гарнизонында Құрлық әскерлеріне қарасты 30212 әскери бөлімінде әйелдер арасында волейболдан сайыс өтті.

Халқымызда «Дені саудың-жаны сау» деп бекер айтпаған. Олай дейтінім денсаулығың мықты, шыныққан болмаса, рухани жан дүниең қайдан сау болсын. Алайда, салауатты өмір салты дене тәрбиесімен ғана шектелмейді, ол дұрыс тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болу, тазалық шараларын сақтау, бос уақытты тиімді пайдалану сияқты жақсы әдеттерден құралады. «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында салауаттылық өмір салтын орнықтыру, халқымыздың денсаулығын жақсарту бағытында жүргізу қажеттілігі бекер көрсетілмеген.

Әрбір әскери қызметші денсаулығын сақтауға және нығайтуға, дене дайындығы мен жаттығуды күнделікті арттыруға, ағзасын шынықтыруды жүзеге асыруға міндетті екені баршамызға мәлім. Міне, осындай мақсатпен, 30212 әскери бөлімінің командирі ұлан полковнигі Алмас Доспаевтың басқаруымен дайындық мерзімінде бөлім аруларының спорттық жетістіктерін одар әрі дамыту үшін әйелдер арасында волейболдан сайыс өткізілді.

Сайысқа 5 команда қатысты: бөлім басқармасынан «Көркем» командасы, әскери мектептерден «Сезім», әскери оркестр мен оқу-жаттығу полигонынан «Әдемі» командасы, оқу-жаттығу тренажерлар ротасынан «Керемет» командасы.

Атына заты сай командалар бір-бірімен бақ сынасып, сайыс өте қызықты өтті. Волейбол ойыны бір қарағанда қарапайым, жеңіл ойын тәріздес, алайда ойыншыдан ептілікті, шапшаңдықты және шыдамдықты талап ететін күрделі ойын.

Іс-шараны көрікті етіп, әсерлі көрініске айналдыратын, өз командасына рух беретін жанкүйерлер де белсене атсалысты.

Бір айта кететін жай, командасының беделі үшін жарысқа қатысуға бала күту демалысынан ұлан старшинасы Гауһар Ауентаеваның келіп қатысқанын сөз арасында айта кеткім келеді.

Бұл іс-шара өз мақсатына жетті! Әр команда өз спорттық шеберліктері мен деңгейлеріне қарай орындарға ие болды. Атап айтсам, ІІІ орынға — әскери оркестр мен оқу-жаттығу полигонынан «Әдемі» командасы, команда капитаны ұлан аға сержанты Гүлнұр Джезкожаева, ІІ – орынға бөлім

басқармасынан «Көркем» командасы, команда капитан ұлан капитаны Динара Нурымова, ал алғашқы І – орынды әскери мектептерден «Сезім» командасы, команда капитаны ұлан аға сержанты Жанар Нурсеитова иеленді. Жеңімпаздарға бөлім командирі ұлан полковнигі Алмас Доспаевтың атынан мақтау қағаздары тапсырылды.

Ұлан капитаны Гүлназира Самашова, 30212 әскери бөлімі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support