- Advertisement -

Қайта заңбұзушылыққа барған азамат 5 күнге қамалды

57

- Advertisement -

Жамбылда ерекше режимдегі ЖД-158/7 түзеу мекемесінің қоршауынан тыйым салынған зат лақтырмақ болған азамат ұсталды. Айта кетейік, Тараз тұрғыны өткен жылы дәл осылай заңды бұзып, айыппұл төлеген еді.

Биыл да қылмысын қайталаған азамат бұл жолы түзеу мекемесінің қоршауынан 3 дана ұялы телефон, 3 дана қуаттағыш құрал, 1 дана құлаққап және 2 дана сим-картаны лақтырмақшы болған. Бүгінде заңды бұзған азамат өз кінәсін толықтай мойындап, ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық Кодексінің 481-бабы 2-бөлігіне сәйкес 5 күнге қамауға алынды.

Ғани Досыбаев,

ЖД158/7 мекемесінің режим бөлімінің бастығының орынбасары әділет аға лейтенанты.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support