- Advertisement -

Елімізде пневмонияға шалдығушылар саны аяқ-астынан көбейіп кетті

30

- Advertisement -

Денсаулық сақтау министрлігі 30 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға байланысты ақпаратты жариялады.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 299 жағдайы тіркелді, одан 2 адам қайтыс болды, ал 96 адам емделіп, ауруынан сауықты.

1 тамыздан бастап коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға қатысты мынандай фактілер тіркелді: анықталған жағдайлар — 32 799, кісі өлімі — 353, аурудан емделіп, жазылғандар саны — 27 169.

Кеше ғана, 29 қыркүйекте бір тәулік ішінде елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы анықталған еді, ал бүгін бұл көрсеткіш 300-ге жуықтаған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support