- Advertisement -

Қордайда вакцина шығаратын зауыттың құрылысы қалай жүріп жатыр?

52

- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданына жұмыс сапары барысында Қордай ауданының Гвардей­ский кентінде Биологиялық қауіпсіз­дік мәселелері ғылыми-зерттеу институ­тының жанындағы вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылыс барысымен танысты.

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев Гвардейск әскери қалашығы маңайындағы аумақта салынып жатқан иммундық-биологиялық препараттар өндіретін биофармацевтикалық зауыттың құрылысымен танысты.

Осындағы аталған зауыттың мамандары мен жұмысшыларына арналып салынып жатқан 60 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй құрылысын көріп, баяу жүріп жатқан жұмысқа көңілі толмады. Бұл құрылыс уақытынан екі аптаға кешігіп келеді.

«Құрылыс қарқынын арттыру керек. Ол үшін жұмысшыларды көбейту қажет болар. Алдағы дүйсенбіде бұл құрылыста 60 адам жұмыс істейтін болсын», — деп әкім құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаровқа, аталған құрылысқа жауапты ЖШС басшысы Рахманқұл Байтелиевке нақты тапсырма берді.

Облыс әкімі биофармацевтикалық зауыттың құрылысына жауаптылармен шағын кеңес өткізді. «Мен бұл зауыттың уақтылы аяқталуы жөнінде Президенттің алдында уәде бердім. Сіздер маған уәде бергенсіздер. Сол мүддеден шығып, сөзімізде тұрғанымыз жөн. Қаржыдан мәселе жоқ. Құрылыс қарқынын арттырыңыздар», – деді ол.

Айта кетейік, аталған зауыт тиісті өндірістік тәжірибенің халықаралық стандарты бойын­ша иммунобиологиялық дәрі-дәрмек­тер, оның ішінде коронавирус инфекциясы­на қарсы вакцина шығармақ. Қазір инсти­тут­тың коронавирус індетіне қарсы кан­ди­даттық вакцинасы ДДҰ тізіміне ен­гі­зілген және клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтуде. Сондай-ақ кәсіпорында панде­миялық тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке, күйіс қайыратын ұсақ жануарлар обасына, қой мен ешкінің контагиозды эктимасына, қой шешегіне, құтырмаға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар шы­ғарылады. Құрылыс жұмыстарын биыл жел­тоқсан айында аяқтау және жыл сайын биофармацевтикалық препараттардың 60 млн дозасына дейін өндіру көзделген.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support