- Advertisement -

Жамбыл облысында 15 жаңа мектеп салынуда

45

- Advertisement -

Ағымдағы жылы Жамбыл облысында 22 білім беру мекемесінің құрылысына 10,1 млрд.  теңге бөлінді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтты.

Олардың қатарында 15 мектеп, алты қосымша құрылыс және бір оқушылар сарайы бар. Бүгінде бір мектептің құрылысы аяқталды. Бұл ретте ағымдағы жылдың соңына дейін 14 нысанды, оның ішінде сегіз жаңа жалпы білім беретін мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.

Осылайша, үш апатты, бір үш ауысымды, орын тапшылығы бар үш мектеп және екі ескі мектеп мәселелері шешілмек. Қалған екі апатты, сегіз үш ауысымды және орын тапшылығы бар бес мектептің мәселелері 2021-2022 жылдары кезең-кезеңімен шешілетін болады.

Атап айтсақ, Тараз қаласында 1278 орындық төрт жаңа мектептің құрылысы басталған.  Жұмыстың жалпы құны — 2,8 млрд. теңгені құрайды.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл — ел бесілігі» бағдарламалары мен жергілікті бюджет аясында 42 мектептің күрделі жөндеу, 53 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа 8 миллиардтан астам теңге қарастырылған.

Сонымен қатар, Тараз қаласында бюджеттен тыс қаражат есебінен жалпы құны 2,2 миллиард теңге болатын Оқушылар сарайының құрылысы жүргізілуде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support