Ресейлік вакцинаны қолдануға қарсы көрсетілімдер жарияланды

Ресейлік вакцинаны қолдануға қарсы көрсетілімдер жарияланды
ашық дереккөз
Ресейлік вакцинаны қолдануға қарсы көрсетілімдер жарияланды
 width= Қарсы көрсетімдер тізіміне 18 жасқа дейінгі жас, жүктілік, вакцина компоненттеріне жоғары сезімталдық, ауыр аллергия, жедел инфекциялық және жұқпалы емес аурулар кіреді. Ресей мемлекеттік тіркелім сайтында коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинаны қолдануға шектеулер жарияланды. Сайтта жазылғандай, заң бойынша вакциналық профилактиканы жүргізуге құқығы бар медициналық ұйымдар жағдайында ғана препаратты қолдану мүмкін болмақ. Сипаттамада вакцинаның адамдар үшін патогенді SARS-CoV-2 вирусын қолданбайтын биотехнологиялық жолмен алынғаны көрсетілген. Вакцинация 18 жастан 60 жасқа дейінгі азаматтарға рұқсат етілген. Қарсы көрсетімдерде бірқатар факторлар көрсетілген: жүктілік және төс емізу кезеңі, вакцина құрамына жоғары сезімталдық, аллергиялық реакциялар, жедел инфекциялық және жұқпалы емес аурулар. Бүйректің созылмалы аурулары, эндокриндік жүйенің бұзылуы, эпилепсия, инсульт және орталық жүйке жүйесінің басқа аурулары, жүрек аурулары, астма және басқалары болған жағдайда аса мұқият қолдану қажет.  

Ұқсас жаңалықтар