- Advertisement -

Телесабақтар қай арнадан көрсетіледі?

38

- Advertisement -

Теледидар арылы сабақтар «әл-Фараби» мен «Ел-Арна» телеарналарынан көрсетіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Көктемдегі тәжірбиеге сәйкес біз телесабақтарды да әзірлеудеміз. Телесабақтар өте қолжетімді құрал. Барлығы 6 мыңнан астам телесабақ түсірілуде. Теледидар сабақтары «әл-Фараби» мен «Ел-Арна» арналарында көрсетіледі. Кем дегенде әрқайсысында 9 сағаттан эфир берілді. Оған қоса барлық телесабақтар интернетте орналастырылып, оқушылар үшін тегін әрі қолжетімді болады», — деді министр Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, қазір Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп осы арналармен қамтылу картасы дайындалды. Соның негізінде 604 елдімекенде осы каналдарға қол жетпейтіні анықталды, бірақ оның 314-інде ғана оқушы бар. Бұл мәселе жергілікті телеарналарға ретрансляциялау, спутниктік антенналар орнату арқылы шешіледі.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support