- Advertisement -

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады

40

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Прези­дент­і Владимир Путинге құт­тықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Ресей Пре­зи­­денті Владимир Путинді және барша ресейліктерді ұлттық мере­келері – Ресей күнімен құттықтады.

– Ресей Федерациясы өзінің жаңа тарихында осы атаулы күнді халық­аралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жаңа сын-тегеу­ріндер мен қатерлерге қарсы іс-қи­мыл­дарға, әлемдік қауымдастық мү­ше­­­лері арасындағы өзара тиімді және әділ ын­тымақтастықты дамыту­ға үлкен үлес қосып отырған қуатты әрі бедел­ді держава ретінде атап өтеді. Сіз­дің стра­тегиялық бағытыңыз­ды қатаң ұс­­тана отырып, Ресей мемле­кет­тік құ­­ры­­лымның сан ғасырлық дәс­түрін та­­бысты арттырып, қоғамдық өмір­дің бар­лық саласын дәйекті түрде жаң­­­ғыр­­тып келеді, – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар Қазақстан Пре­зи­денті ресейліктердің патриотизм мен бірлікке бейілдігі, Отандарына деген мақтаныш сезімі мен жарқын болашаққа деген нық сенімі Ресей мемлекетінің тұрақты дамуына және әл-ауқатының артуына кепіл болатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге Қазақстан мен Ресей арасын­дағы достық байланысты және одақ­тас­тықты одан әрі нығайтуға бағыт­талған жемісті еңбегі үшін риза­шылығын білдірді.

 

egemen.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support