- Advertisement -

«Nur otan» – игілікті істердің көшбасшысы

42

- Advertisement -

Кеше «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы «Жамбылдық нұротандықтар – мақтаралдықтармен бірге!» ұранымен Түркістан облысы, Мақтарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге 15 тоннадан астам азық-түлік пен бірінші кезекте қажет тауарларларды жөнелтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтік комиссияға тез арада тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Төтенше жағдай орын алған алғашқы күннен бастап «Nur Otan» партиясы, оның ішінде облыстық және аумақтық филиалдары бұдан сырт қалмады. Партия филиалы мен мүшелері зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсетуде. «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы Мақтарал ауданы тұрғындарының сұраныстары бойынша «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға және балаларға арналған көпбейімді қоларбаны арнайы алдыртып, жолдады», – дейді партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев.
Сондай-ақ партия облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының 25 еріктісі заттарды жүк көлігіне тиеп, Мақтарал ауданына алып кетті. Жасотандықтардан құралған еріктілер су тасқыны болған жерде көмек көрсетіп, халыққа жәрдемдеседі.

«Aq jol-Aqparat».

Суреттерді түсірген Ақәділ Рысмахан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support