- Advertisement -

Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Тараз қаласын аралады

73

- Advertisement -

Сейсенбі, 7 сәуір күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Атап айтқанда, ол алдымен ағымдағы жылдың ақпан айында ашылған 120 орындық «Kids Hub» инклюзивті балабақшасына алдымен. Бұл жобаға шамамен 20 миллион теңге жеке инвестиция салынған. Бүгінгі күні мұнда 16 маман жұмыс істеуде десек, оның үшеуі Мәскеуде оқып келген. Орталықта білікті мамандар ерекше балаларға арналған кешенді қызметтер көрсетеді. Мұнда балалар мен ата-аналар бір жерден массаж, бассейн, педиатр, логопед, дефектолог сияқты қажетті қызметтерді ала алады.

Бердібек Сапарбаев аталған жобаны жоғары бағалап, өңірде ерекше балаларға арналған осындай әлеуметтік мекемелерді көптеп ашу қажеттігін атап өтті.

Бұдан соң аймақ басшысы «Taraz HUB» IT-орталығында болды. Орталықта IT-технологиялар бойынша мамандар даярлануда. Стартап-жобаларды дамыту, 3D-модельдеу бағдарламалары мен робототехника, графикалық дизайн және тағы да басқа бағыттар бойынша оқытулар жүргізілуде. Онда барлығы 20 компания қамтылған десек, олардың қатарында бастаушы стартаперлер бар.

Бүгінде аталмыш IT-орталығының мамандары облыстың барлық колледждеріне Zhambyltipo.kz қосымшасын әзірлеп, енгізген. Қосымшаның арқасында қазіргі карантин жағдайында педагогтар мен оқушылар оқу үдерісін онлайн режимінде жалғастыруда.

Сондай-ақ, облыс әкімі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында іске қосылған дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ-лицей-интернатында барды. Бүгінде мұнда 160 бала тұрақтап, білім алуда. Білім беру нысаны заманауи құрал-жабдықтармен және озық технологиялармен қамтамасыз етілген. Бүгінгі күні мұнда сегіз сынып, 12 оқу кабинеті, екі компьютерлік кабинет, кітапхана, ЛМК, STEM–зертхана, Web-бағдарламалау, робототехника кабинеттері бар. Сондай-ақ спорт және акт залдары, асханамен қамтылған. IT лицей-интернатта оқыту бағдарламасы үш тілде жүргізілуде. Алдағы уақытта мұнда 300 орындық қосымша нысан құрылысын салу жоспарлануда.

 

zhambyl.gov.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support