- Advertisement -

Тараз карантинге жабылады

68

- Advertisement -

Коронавирустық инфекция ауруының жаңа жағдайларының тіркелуіне байланысты Тараз қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен қала аумағында 2020 жылдың 7 сәуірі күні сағат 00.00-ден бастап ерекше талаптары бар шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтер мен тұрғындар тіршілігіне карантин режімін енгізу туралы шешім қабылданды.
1) Төменде көрсетілетін тұлғаларды қоспағанда қала аумағына барлық автокөлік құралдары мен азаматтардың кіруіне және шығуына тыйым салынады:
– медициналық қызметкерлер және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің мамандары, апаттық-құтқару қызметі, құқық қорғау органдары;
– азық-түлік тауарларын, медициналық бұйымдар мен препараттарды, алғашқы қажетті тауарларды жеткізуші автокөліктік құралдарға;
– Тараз қаласы оперативтік штабының рұқсат берген автокөлік құралдары және тұлғалар (43-15-16, 45-59-85);
– медициналық көрсеткіштер бойынша кеткен және келген, тұрақты мекендеріне оралу үшін келген және кеткен тұлғаларға.
2) Қоғамдық көлік сағат 07:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
3) Басқа бір жағдайларды қоспағанда Тараз қаласы аумағы бойынша жеке көліктердің және халықтың еркін жүруіне тыйым салынады:
– тұрғылықты мекеннен жұмыс орнына бару, кері қайту үшін жұмыс орнынан анықтама керек;
– азық-түлік тауарлары, дәрілік препараттарды және медициналық бұйымдарды сатып алуға;
– медициналық көмек алуға;
– мемлекеттік мекемелерге мемлекеттік және әлеуметтік көмек алу мақсатында баруға;
– адам денсаулығына және өміріне қауіп төндіретін болжанбаған төтенше жағдай және басқа оқиғалар жағдайында.
Осыған орай үш адамнан артық тұлғалардың жүруіне (отбасы мүшелерінен басқа), сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандардың ересектерсіз жүруіне тыйым салынады.
4) Тұлғалардың жүруіне, оның ішінде көлік құралдарын басқаратындарға тек қана жеке қорғаныш құралдарын пайдаланғанда.
5) Азық-түлік супермаркеттері, азық-түлік дүкендері, дәріхана, мал дәрігерлік дәріхана, алғашқы қажеттілік тауарларын сататын пункттер, ауыл шаруашылығы жануарлары үшін азық, ауыл шаруашылық техникасы үшін автобөлшектер сататын сауда орталықтарын қоспағанда сауда-көңіл көтеру орталықтары, базарлар, азық-түлік емес тауарларын сататын барлық нысандар, автосалондар, автобөлшек сататын салондар, гүл сататын орындардың жұмысы тоқтатылады.
6) Шиномонтаж үшін бірқатар бокстардың, банктер мен ломбардтардың бөлімшелері, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, қонақ үйлерді қоспағанда қызмет көрсетудің барлық түрлері, оның ішінде химиялық тазалау, кір жуу орындары, фотоателье, фотосалондар, оптика, жылжымайтын мүлік бойынша агенттік, авто жуу, сауна, монша, фитнес клубтар, массаж кабинеттері, дәстүрлі емес медицина қызметі, тренажерлік залдар, спорттық кешендер, бассейндер, сұлулық салондары, спа-орталықтар, тырнақ студиялары, барбершоптар, компьютерлік клубтар, нысандардағы балалардың ойын алаңдары, зоопарктер, мұз айдындары, көрмелер және басқа да қызмет көрсету нысандары, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету стансаларының жұмыстары тоқтатылады.
7) Мейрамханаларға, кафе, барлар, асханаларға және басқа да қоғамдық тамақтандыру нысандарына «клиенттерге жеткізіп беру» ұстанымы бойынша сағат 10:00-ден сағат 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
8) Мектепке дейінгі балалар мекемелері және жалпы білім беретін, дайындық және дамыту орталықтары меншік түрлеріне қарамастан қызметін тоқтатады.
9) Тұрғындардың бір орынға жаппай жиналуларына, оның ішінде саябақтарда, скверлерде, жағалауларда, алаңдарда, балалар ойын алаңдары мен қалалықтардың басқа да демалыс орындарында жиналуына тыйым салынады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support