«Дели – Тараз» рейсінің жолаушылары 14 күндік карантинге жатқызылды

«Дели – Тараз» рейсінің жолаушылары 14 күндік карантинге жатқызылды
ашық дереккөз
«Дели – Тараз» рейсінің жолаушылары 14 күндік карантинге жатқызылды

Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде «Дели – Тараз» әуе бағытымен келген барлық жолаушылар карантиндік стационарға оқшауланды. Бұл шешім осы рейстің бес жолаушысынан COVID-2019 анықталғандығына байланысты қабылданып отыр.Айта кетейік, Үндістаннан келген ұшақ бортында 106 адам болған, оның ішінде 91-і Қазақстан азаматы, 15-і Қырғыз Республикасының азаматы. Барлық жұмылдырылатын қызметтерге алдын ала ескертіліп, жолаушыларды қабылдауға дайындалған. Қауіпсіздік мақсатында арнайы киім киген медицина қызметкерлері әр жолаушыны мұқият тексеріп шықты. Ал Қырғыз Республикасының азаматтары арнайы автокөлікпен өз отанына жөнелтілді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, зертханалық талдаулар 1984, 1996, 1998, 2000 жылдары туған төрт адамда коронавирусты инфекцияның бар екендігін көрсетті. Бесінші науқас жолаушы – Алматы облысының 1999 жылы туған тұрғыны (№10 жағдай). Оның диагнозы 4 сәуір күні расталған. Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Дели – Тараз» рейсінің барлық жолаушыларын 14 күндік карантинге орналастыру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ Қордай ауданында үш оқиға тіркелді. Карантиндік стационардағы 1975 және 1982 жылы туған екі тұрғын бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласынан келген науқаспен байланыста болған. Ал 1999 жылы туған науқас 23 наурызда «Қостанай-Алматы» пойызы арқылы Қостанай қаласынан келген. Шекара маңындағы өткізу пункттерінде күшейтілген шараларға байланысты Қазақстанға келетін барлық азаматтар, оның ішінде жүк автокөліктерінің жүргізушілері карантиндік стационарға орналастырылуда. Нәтижесінде 10 адамнан инфекция анықталған. Оның 4-еуі Қырғыз Республикасының азаматы, 6-ауы Қазақстан азаматы. Барлық науқастар инфекциялық стационарға орналастырылды. Байланыста болған адамдарды анықтау және оқшаулау, емделушілердің тұрғылықты мекен-жайы мен болған жері бойынша дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Анықталған науқастар инфекциялық стационарға ауыстырылды. Жағдайлары қанағаттанарлық.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар