- Advertisement -

Сапарбаев бұрынғы көмекшісін орынбасары етіп тағайындады – Дереккөз

43

- Advertisement -

Ержан Жылқыбаев Бердібек Сапарбаевқа министр кезінде де, әкім болғанда да көмекші болған

Дереккөздер бүгін Үкімет қаулысымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылған Ержан Жылқыбаев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанын айтады. Бұл — Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың алғашқы тағайындауы. Ержан Жылқыбаев қазіргі Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге бірнеше қызметте жұмыс істеген. 

Бердібек Сапарбаев Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі болған жылдары (2006-2007) Ержан Жылқыбаев министрдің көмекшісі болған. Сапарбаев ШҚО әкімі болған жылдары (2009-2014) Ержан Жылқыбаев әкімнің көмекшісі, ШҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары, ШҚО әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.

Бердібек Сапарбаев 2019 жылдың ақпанында  Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі болып қайта тағайындалғанда, Ержан Жылқыбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, көп ұзамай сол ведомствода бірінші вице-министр қызметіне жайғасты.

Е. Жылқыбаев 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Экономика департаментінің әлеуметтік саясат бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.

Түрлі жылдары ҚР Премьер-министрінің кеңсесінде, ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінде, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің аппаратында, ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеді. 2016 жылдың мамыр айынан бастап 2019 жылдың наурыз айы аралығында Алматы қаласының Медеу ауданының әкімі лауазымында болды.

2019 жылғы 26 наурыздан бастап 29 сәуірге дейін — ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2019 жылғы сәуірден қазіргі таңға дейін — ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі.

azattyq-ruhy.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support