- Advertisement -

Тұрар есімін Тараз темір жол бекетіне берсе…

74

- Advertisement -

Алаштың ардақтысы, ұлттың ұлы тұлғасы Тұрар Рысқұловтың туғанына өткен жылдың соңында 125 жыл болғаны баршаға мәлім. Көзі тірісінде қазағына болысып өткен қайраткердің еткен еңбегі мен төккен тері жұртының жадынан өше қоймайтын шығар деген ойдамыз. Себебі қазақ үшін Тұрардың орны бөлек.
Елім деп өткен осы қайраткердің атымен Тараз шаһарындағы темір жол бекетін атасақ еш артықтық етпес еді. Неге десеңіз, Түркісіб шойын жолын салуда Тұрардың үлкен еңбек сіңіргенін ел-жұрты өте жақсы біледі деп пайымдаймын.
Қазір жиі-жиі жолға шыққан қонақтар мен тұрғындар пойызда кетіп бара жатып, байтақ даланың ғажайып көріністерін көзбен көреді. Сол темір жол әлі де бүліне қойған жоқ. Текті тұлғаның табанды еңбегінің арқасында іргесі қаланған шойын жолға қарап отырып, риза боласың.
Иә, Түркісіб темір жолы әуелде жоспарланған уақыттан анағұрлым ерте біткенін біз тарих таңбаларынан білетініміз рас. Тіпті кейбір деректерден алты жылға жоспарланған шойын жол құрылысының небәрі үш жылда аяқталуына Тұрар Рысқұлов көп еңбек сіңірген дегенді естиміз. Осыдан-ақ Тұрар Рысқұловтың алып құрылысқа сіңірген еңбегін бағамдай беруге болады емес пе?
Әңгіменің қысқасы, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, көне шаһарда орналасқан темір жол бекетіне Тұрар Рысқұловтың есімі берілсе, нұр үстіне нұр болар еді. Сол арқылы біз өткен тарихымыздың қадіріне жете алғанымызды дәлелдей түсетін едік деп ойлаймын. Менің осы бір ұсынысым билік басындағы азаматтардың құлағына жетсе деген оймен газетке қайырылғанды жөн көрдім.

Барат Мыңбосынов, зейнеткер.

Тараз қаласы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support