- Advertisement -

Туристерге керек дүниемізді де бір түгендеп қойсақ

67

- Advertisement -

Жақында 80 жылдық мерейтойын тойлаған облысымыз тарихи ескерткіштерге бай екені белгілі.
Әсіресе, екі мың жылдан астам тарихы бар облыс орталығы, көне Таразда тарихи нысандар көптеп саналады. Жылдан-жылға көркейіп, жасарып, жаңарып келе жатқан Тараз соңғы жылдары туристер қаласына айналып келеді.
Облысымызға іскер басшы Асқар Мырзахметов әкім болып келгелі қаламыздың келбеті қатты өзгерді. Облыс орталығын көріктендіруге, туризмді дамытуға көп көңіл бөлініп, бұл бағытта талай ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Содан болар жылдан-жылға қаламызға атбасын бұрушы туристер саны артуда. Тараздың ежелгі Жібек жолы бойында орналасуы да бұған көп септігін тигізуде.
Туристер арасында барған жерлерінен естелік боларлықтай ерекше дүниелер, кәдесыйлар іздейтіні белгілі. Осындай дүниелердің бірі, қаланың тарихи ескерткіштері мен көрікті жерлері бейнеленген түрлі-түсті открыткалар топтамасы (буклеті) екені даусыз.
Бұрын осындай открыткалар топтамасы баспасөз киоскілерінде көптеп сатылатын. Өкінішке қарай кейінгі жылдары мұндай дүниені табу қиындап кетті.
Таразда открыткалар топтамасына сұранып тұрған нысандар саны көбеюде. Оған жаңадан ашылған «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенін, Тектұрмастағы Әулиеата ескерткіштері айқын дәлел.
Қаламыздың тарихи ескерткіштері мен көрікті жерлері түрлі-түсті открыткалар түрінде дайындалып, топтама жасалып, жаңа сәулетті нысандармен толықтырылып, туристер жиі аралайтын жерлерде сатылатын болса, сатып алушылар да аз болмас еді.
Басқа кәдесыйлармен қатар мұндай открыткалар топтамасы туристер мен қала қонақтары үшін таптырмас сыйықтың бірі болары сөзсіз.
Туризмге жауапты басшылар осыны ескерсе екен.

Сейітқасым Тәжбенов,
ардагер дәрігер.

Көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайды
«Aq jol» газетінің 8 қаңтар күнгі санында жарияланған «Әзірге еш нәтиже болмай тұр» (Б. Мыңбосынов) және «Көшеміз жарықтандырылса…» (Л.Ахметов) атты мақалаларда көтерілген мәселелер бойынша келесіні хабарлаймыз.
Бүгінгі күні «Қарасай» тұрғын алқабындағы он көшенің бірінде ғана жарық бар (Тілеміс ақын көшесі, барлық шамдар саны – 65).
«Altocom Asia» ЖШС-мен облыстық энергетика басқармасы мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде қала бойынша 12000 шамды жарықдиодтық шамдарға ауыстыруға келісімшарт жасасты. Бүгінгі таңда «Қарасай» тұрғын алқабына көше жарығын жүргізу үшін ақаулық акті жасалды. Екінші жартыжылдықта аталған алқапқа көше жарығын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжат әзірленді. Әзірленген жобаларды сараптамадан өткізу жұмыстары 31 наурызға дейін жалғасады.
№40 мектеп және «Жұлдыз» балабақшасы орналасқан «Опытный» көшесінің жарықтандырылуы бойынша келесіні хабарлаймыз.
2020 жылы 206 көшенің сыртқы жарықтандыру желілерін орнату жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге (оның ішінде: 156 көше, 50 аула жарықтары) 50 миллион теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттама жасалуда. Одан кейін сараптамадан өткізіледі. Жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда «Опытный» көшесі ескерілетін болады.

Кенжебек Олжабай,
Тараз қаласы әкімінің орынбасары.

Моншаға түсудің де мәдениеті барЖас ұрпақ тәрбиесінің ақсап тұрғаны жасырын емес. Тәрбиенің басы отбасынан басталатыны, оған қоса ата-бабаларымыз ұстанған салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымызбен ғасырлар бойы үндесіп келе жатқан діни түсінігіміздегі «көре тұра, біле тұра айтпау, тіл қатпай үнсіз қалу да күнәға жатады» деген ұғым қолға қалам алуға мәжбүр етті.
Жастар тәрбиесіне жан-тәнімен алаңдайтын азаматтар назарын жоғарыда айтылған бүгінгі күннің көптеген өзекті мәселелерінің бірі, нақтылай түскенде, монша

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support