- Advertisement -

«Заанен» ешкісінің лақтары егізден келеді

73

- Advertisement -

«Бизнес-Бастау» жобасы бойынша 505 мың теңге грант ұтып алған Досхан Ешенқұл «Заанен» ешкісін өсіруді қолға алған. Мұндай ешкілердің тұқымдары негізінен, Швейцария елінде кеңінен тараған. Ол досы Жасұлан Дүйсенғалиұлымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында бірге оқып, жобаны бірге қорғаған. Кәсіп ашуда да алған қаржыларын бір ортаға құйып, үстіне 500 мың теңге қосып Меркі ауданынан 15 бас ешкі сатып алыпты.
– Меркіден алып келген ешкілеріміздің барлығы буаз. Алғаш әкелгенде олардың үшеуі сауылатын. Олар да бір айдан кейін суалып кетті. Соның өзінде әр ешкі күніне бір литрден сүт беретін. Оның бір литрін 500 теңгеден өткердік. Ол сүтті өткерудің арқасында тұрақты тапсырыс берушілерді тауып алдық. Бұл ешкілер қазақы ешкілерге қарағанда сүтті екі есе көп беретіндігімен ерекшеленеді. Айталық, қолдағы ешкі тәулігіне 1,5-2 литр ғана сүт беретін болса, заанен ешкісінен 3,5-4 литр сүт саууға болады.
Ешкі сүтінің адам ағзасына тигізер пайдасы зор. Ол анемия, асқазан, ішек жолдарының ауруларын, диабет, тағы да басқа аурулардың алдын алуға таптырмас ем. Сондай-ақ жас нәрестеге берсе де болады. Ол ана сүтін де алмастыра алады екен. Ешкінің бұл түрі басқа мал сияқты туберкулезбен, сарыппен ауырмайтындығымен де ерекшеленеді, – деді ол.
Болашақта Досхан ауданда заанен ешкісін көбейтуді, емдік қасиеті мол ешкі сүтін өндіруді алдына мақсат етіп қойып отыр. Жалпы, күтімі жақсы болса бұл ешкілер егізден төл береді.
Алматы қаласындағы Аграрлық университетін инженер мамандығы бойынша бітірген Досхан мамандығы бойынша «Бурное сүт компаниясы» ЖШС-ында бір-екі жыл ғана жұмыс істепті. Одан кейін әкесі басқаратын «Төренұр» шаруа қожалығының шаруасын қолына алыпты. Әкесі Қамбар Күдереевтен мал бағудың қыр-сырын меңгерген ол «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы таяуда 3 миллион теңге несие алыпты. Оған 15 бас сауынды сиыр алып, бүгінде бұл бағытта да жұмыс істеуде.

Перизат ШЫМЫРТАЙҚЫЗЫ,
журналист.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support