«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы»

26

Елімізде соңғы кездері жас өрендердің, әсіресе оқушылардың арасында орын алып жатқан келеңсіздіктер баршамызды алаңдатуда. Сондықтан осы бағыттағы іс-шараларды жандандыру, қоғамдық сананы дүр сілкіндіру және
тәрбие жұмыстарына жаңа серпін беру үшін
өз тарапымнан бірнеше ұсыныс айтқым келеді:

• Жасөспірімдер арасындағы тәрбие жұмысын мазмұнды жақсартуға бағытталған нақты арнаулы стратегиялық бағдарлама қабылдау;
• Құрамына үкімет мүшелерінен бастап, мектеп психологтері, педагогтер, ата-аналар комитеті, БАҚ өкілдері енетін ұлттық комиссия құру;
• Балабақшадан бастап бала тәрбиесін таза ұлттық мазмұнда жүргізу. Бұл орайда аңыз әңгімелердің, ертегілер, термелер, мақал-мәтелдер, батырлар жырының маңызы зор.
• Қазақы салттағы тәрбие ең кемі 11-12 жасқа дейін жапон, өзбек, корей халықтарындағыдай қарқынды жүргізілуі тиіс;
• Жастарды жағымсыз іс-әрекеттерге үгіттейтін көріністер үшін интернет сайттарын, телеарналарды жауапкершілікке тарту жағы қарастырылу керек;
• «Қыз бала кодексі», «Ұл бала кодексі», «Спортшы кодексі» қабылданса;
• Ата-ананың 14 жасқа дейінгі бала тәрбиесіне жауапкершілігін күшейтетін арнаулы заңнамалық акт қабылдау;
• Оқушылардың әсіресе өтпелі жасында сенбі күндерін «Денсаулық және мәдениет күні», жексенбіні «Отбасы күні» деп атап, бұл күндерді баланың ата-анамен бірге спортпен айналысып, бірге демалып, қыдыруына көңіл бөлу.
Әл-Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» дегенін ескерсек, еліміздің жастары өзін жеке тұлға ретінде дамытумен қатар, мемлекеттің озық инновацияларға сай өркендеуіне үлес қосуы үшін қазіргі білім және ұлттық тәрбие беру үдерісін қатар дамытуымыз керек. Туған жерге, қоршаған ортаға, өз тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарымызды сақтап, дәріптейтін ұрпақ тәрбиелеу – баршамыздың міндетіміз.

Билібай МҮСІЛІМОВ,
Тараз мемлекеттік педагогикалық
университетінің профессоры.

Comments are closed.