Абай жырларын жатқа оқыды

10

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде студенттердің рухани сұранысын қанағаттандыруға барлық мүмкіндік бар. Мәселен, студенттерден құрылған «Жыр жазамын жүрегімнен» атты поэзия клубы. Бұл клубтың жетекшісі колледждің оқытушысы – Лаура Қолдасова. Клубқа өлең, мақала жазатын, мәнерлеп оқуға бейімі бар жастар топтасқан.
Жақында Абай Құнанбаев мұраларын насихаттау мақсатында поэзия клубының отырысы өтті. Клуб мүшелері Болатбек Зейнолла, Нұрболат Мырзахан, Ұлпан Кәріжанова хәкімнің жырларын жатқа оқып, жиналғандардың жүрегіне жол тапты. Бірқатар студенттер Абай әндерін орындап, өздерінің өнерге таласы бар екендіктерін көрсетті. Студент Сәти Әбдіраман Абай Құнанбаевтың рухына арнап жазған өлеңін оқып берді.
Іс-шара соңында клуб жетекшісі Л.Қолдасова барша әлемге даналықтың нұрын шашқан Абай әлемі таусылмайтын терең мұхит екені жөнінде ой қозғап, студенттерді данышпанның еңбектерімен танысып, өлеңі мен қара сөздерінен ғибрат алуға шақырды.

Дина Назарова,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің оқытушысы.

Тараз қаласы.

Comments are closed.