- Advertisement -

Жеті атаға дейін үйленбеу сыры

127

- Advertisement -

Жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі түркі тектес халықтардың ішінде тек қазақтарда ғана бар. Неге екенін білесіз бе? Осы жайында ел аузындағы аңыз әңгіме:
ХV ғасырда Қазақ хандығы орнап, оны Керей мен Жәнібек хандар басқарғаны белгілі. Бірде Жәнібек ханның кеңесшісі Жиренше шешен қатты ауырып, төсек тартып жатып қалыпты. Жақын жердегі талай белгілі емші, бақсылары шақырып қаратса да, ешқандай ем қонбапты. Соңында атақты Өтебойдақ деген емші барын біліп, соны шақырады. Өтебойдақтың емінен кейін Жиренше жазылып, дертінен айығыпты. Жәнібек хан емшіге риза болып, бірнеше сұрақ қойыпты. Соңғы сұрағын:
– Қандай ауруды емдеу қиын? – деп қойыпты.
– Тұқым қуалайтын ауруды емдеу қиын.
– Ал оның алдын алуға бола ма?
– Болады. Жеті атаға дейін туыс адамдар қыз алыспау керек!
Жеті – қазақ үшін қасиетті сан. Өтебойдақ емшінің айтқанын Жәнібек хан жадына жетпей, халыққа жеті атаға дейін үйленуге тыйым салыпты. «Кімде-кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесілсін» деген жарлық шығарыпты. Содан бергі қазақ хандары да осы жарлықты бұлжытпай орындап отырыпты.
«Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген содан қалған.

Гүлнар ӘБДІЛДИНА,
ардагер ұстаз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support