- Advertisement -

Көк аспанның жанарынан мұң құлап…

69

- Advertisement -

Көк аспанның жанарынан мұң құлап,
Буаз бұлттар түнереді тұнжырап.
Бұйығы жел баяу тербеп талдарды,
Шыны əйнектен сығалайды ұрғылап.

Төңіректі тұмшалаған сызданып,
Көкжиектен тұрғандай дəл нұр жауып.
Қара жер де, жұтып жатыр сағынған
Ару – қыстың ақ ұлпасын қызғанып.

Тіршілік қой таңдандырған тамаша
Барлығына мейіріммен қарасаң.
Жаңа бақта адасып қыз жүрмекен?..
Ескі шақта қыдырған сол оңаша.

Алақандай түсіп жатқан ақ қарды
Қызықтаумен қуанды жұрт, шаттанды.
Жаңа жылда жаңа жауған ырыс деп,
Жаңа өмірі əр пенденің басталды…

Елдар БОРАНБЕК

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support