- Advertisement -

Табиғи әрі экологиялық таза

33

- Advertisement -

Әлеуметтік сауда орталығындағы жәрмеңке жалғасын табуда. Әдеттегідей онда Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының, Жамбыл, Сарысу, Т.Рысқұлов, Шу аудандарының өнімдері жеткізілген. Олар кешегі күні тұтынушыларына жалпы құны 9,7 миллион теңгені құрайтын 49,8 тонна ауыл шаруашылығы тауарларын әкелген.
Жәрмеңкеде облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы Тұңғыш Тынысбекұлын сөзге тарттық.
– Жәрмеңке тұрақты түрде әр аптаның сенбі күндері өткізіліп келеді. Алдыңғы аптада ғана бұл жәрмеңке орталық алаңда сенбі және жексенбі күндері ұйымдастырылып, оған Тараз қаласы мен барлық ауданнан жалпы құны 50 миллион теңгені құрайтын 174 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары шығарылған болатын. Енді бұл іс-шара бұрынғысынша әлеуметтік сауда орталығында қайта жалғасын табуда. Мұндағы біздің мақсатымыз – қала тұрғындарының ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген қолжетімділігін арттыру. Осы арқылы жеке кәсіпкер мен шаруа қожалық тұтынушыларына өз өнімдерін делдалсыз ұсынып, өткеруіне жол ашып отырмыз, – деді ол.
Бір атап өтерлігі, әдеттегідей мұндағы баға базар нарқынан 10-20 пайызға төмен болды. Сөрелерге қойылған азық-түлік тауарларының барлығы табиғи. Әлеуметтік сауда орталығындағы жәрмеңкенің қала тұрғындарын осынысымен де қызықтырып отырғаны анық.
Сөрелерді аралап, азық-түлік алып жүрген қала тұрғыны Айдана Иманалиеваға жолыққан едік.
– Осында апта сайын келеміз. Алдыңғы аптада әжем екеуміз келіп, Т.Рысқұлов ауданының «Шәушен» шаруа қожалығынан 5 килограмм жылқы етін алып едік. Ол етті екі аптаға жеткіздік. Айтайын дегенім ол шаруа қожалығының осында әкелген еті өте дәмді болды. Бұл жолы да сол шаруашылықтан тағы 5 килограмм ет алып қойсам деп тұрмын. Сонымен бірге үйге қажетті басқа да азық-түлік алдым. Шыны керек біз үшін жәрмеңкенің жиі өткізіліп тұрғаны жақсы. Керегімізді осы жерден аламыз, – деді ол.
Енді аталған жәрмеңкеде алдағы аптада Жуалы, Меркі, Мойынқұм аудандары мен әдетіше Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының тауарлары ұсынылмақ.

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support