- Advertisement -

Болашаққа нық қадам

39

- Advertisement -

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі тәуелсіз Қазақстанның тарихында қалары сөзсіз. Отыз жылға жуық уақытта қол жеткізген табыстарымыз – Тұңғыш Президентіміз жүргізген сарабдал саясаттың жемісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауында осыны баса айтты.

Қасым-Жомарт Кемелұлы енді тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару үшін Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізуге болатынына тоқталды. Сонымен қатар Президент өзінің сайлауалды тұғырнамасындағы берген уәделерін міндетті түрде орындайтындығын мәлімдеді.
Қазіргі кездегі өзекті мәселелер – азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған инклюзивті экономиканы қалыптастырудың жолын әлеуметтік дамудың жаңа кезеңіндегі басымдықтарды нақтылаған Президент аталған тұжырымдарға сәйкес тиісті тапсырмалар берді. Солардың бірі – «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру. Мемлекет басшысы Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаның қаржысын 20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды. Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.
Осыдан 10 жыл бұрын басталған «Дипломмен – ауылға» әлеуметтік бағдарламасы жастардың мамандықтарына сай жұмысқа орналасып, баспана алып, өмірден өз орындарын табуларына, сондай-ақ ауылдық елді мекендерді денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ауыл шаруашылығы салаларының жас мамандарымен қамтамасыз етуге қолайлы мүмкіндік берді. Әлеуметтік мәселелер шешімін тапса, ауыл көркейсе, жас мамандар елге келіп, еңбек етуден бас тартпайтындығын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Бағдарлама іске асырылған жылдары ауылдық елді мекендерге 54 мыңнан астам жас маман тұрақты жұмысқа келіп, 12,5 миллиард теңге сомасында көтермеақы алғандығы және олардың 23,5 мыңға жуығына 57 миллиард теңге сомасында тұрғын үй алуға несие берілгендігі – соның айғағы.
Қасым-Жомарт Тоқаев аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке «Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын» әзірлеуді тапсырды. Сондықтан олардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруы үшін Үкімет пен әкімдер бар мүмкіндікті жасауы керектігін ескертті.
Білім беруді жетілдіруге байланысты қазіргі кезде туындап отырған тағы бір мәселе – оқулықтардың жай-күйі екені жасырын емес. Оның сапасы сын көтермейтіндігін тілге тиек еткен Президент бұл проблеманы шешу – тиісті министрліктің тікелей міндеті екендігін баса айтты. Сөйтіп алғаш рет мұғалімдермен қатар оқытушыларға да жағдай жасалу керектігін мәселе етіп көтерді.
Мақсат – айқын. Біз, қазақстандықтар жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Енді Жолдаудан туған маңызды міндеттерді сапалы әрі жедел орындап, нақты нәтижеге бірге қол жеткізейік.
Ермек СЕРІКБАЕВ,
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Қазақстан тарихы»
кафедрасының меңгерушісі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support