- Advertisement -

Мешіттердің де футболшылары бар екен

59

- Advertisement -

Рухани келісім күні аясында облысымыздағы діни бірлестіктер арасында спорттың шағын футбол, гір тасын көтеру, шахмат, үстел теннисі түрлері бойынша спартакиада өтті. «Тараз – Арена» спорт сарайында өткен жарысты облыс әкімдігі дін істері басқармасы ұйымдастырды.Спартакиадаға діни бірлестіктердің қызметкерлері қатысты. Әсіресе шағын футбол додасы тартысты болды. Тараз қалалық «Кеңесхан ата мешіті» командасы жақсы дайындықпен келген екен. Олар әуелі «Хибатулла Тарази медресесі-1» командасын 7:2, «Дін істері басқармасы» командасын 7:1 есебімен ұтып, жартылай финалда Жамбыл ауданындағы «Шайқорық мешіті» командасынан ұтылып қалды. Финалда Тараз қаласындағы «Әзірет әлі» командасы мен «Шайқорық мешіті» командасы әдемі ойын көрсетті. Кездесу 2:1 есебімен «Әзірет әлі» командасының пайдасына шешіліп, олар спартакиаданың чемпионы атанды. Үшінші жүлде үшін таласта Меркі ауданынан келген «Аббас мешіті» командасы тараздық «Кеңесхан ата мешіті» ұжымын 4:1 есебімен қапы қалдырды. Аламан барысында спорттың өзге түрлері бойынша да мықтылар анықталды.
Спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін облыстық дін проблемаларын зерттеу орталығының өкілі Сұңғат Мұтанов бағалы сыйлықтармен марапаттады.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support