- Advertisement -

Лионель Месси алты дүркін «Алтын бутса» иегері атанды

48

- Advertisement -


Лионель Месси алты дүркін «Алтын бутса» иегері атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Барселона» футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси алтыншы рет «Алтын бутса» иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com-ға сілтеме жасап.

Осы марапат жыл сайын Еуропа елдерінің ішкі чемпионаттарының өткен маусымдағы үздік сұрмергеніне тапсырылады. Өткен маусымда аргентиналық жұлдыз Ла Лигада 36 гол соққан.

«Мен командаластарым болмаса бұл марапатқа қол жеткізе алмайтынымды айтайын. Бұл – бәрімізге ортақ марапат. Мұнымен командамыз түгел мойындалып отыр. Баршаға рахмет келесіде кездескенше», — деді Месси.

Айта кетейік, Месси бұл награданы алғаш рет 2009-2010 жылғы маусымда алған.

Фото FC Barcelona

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support